Top
a

5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 5

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті.

Сабақ № 5

Тақырып:  В.С.Калинников.Өмірі мен шығармашылығы                                       

       В.С.Калинников – орыс композиторы, дирижер, педагог. 1870 жылы Орлов губерниясының Воины ауылында дүниеге келген. 1884 жылы Москва консерваториясының дайындық класына оқуға түседі, бірақ төлеу мүмкіндігі болмай оқудан шығып қалады. Скрипка, фагот, литаврда ойнап үйренеді. 1892 жылдан Кіші театрда дирижерлік қызмет атқарды. Дирижерлік қызметпен қатар ол теория негіздерінен де дәріс берді.   Москва консерваториясының негізін салушылардың бірі. Композитор шығармашылығында көбіне хорға арнап жазды, орыс халық әндерін өңдеді және балаларға арнап көптеген әндер жазды.

1897-1923 жылдары Москва училищесінде, кейін Москва консерваториясында дәріс береді. 1893 жылы композитордың денсаулығы күрт нашарлайды. Денсаулығын түзеуге ол Крымға кетеді де, өмірінің соңына дейін сонда қалады.

       Композитордың танымал шығармаларының ішінде – соль минорлы Бірінші симфониясын атауға болады. Киев қ. Орыс музыкалық қоғамының концертінде алғаш рет орындалып, үлкен жетістікке жетті және әлем симфониялық оркестрлерінің репертуарына енді.

Оркестрге арналған  шығармалары:

  1. 1 және 2 симфониялары;
  2. 1 және 2 интермеццолары;
  3. «Нимфа», «Кедр и пальма» симфониялық картиналары;
  4. «Былина» увертюрасы;
  5. Ре минорлы Фугасы;

Фортепианоға арналған шығармалары:

  1. Скерцо фа мажор;
  2. Вальс ля мажор;
  3. Элегия си минор;

Хорға арналған шығармалары:

  1. Романстар;
  2. Хорлар;

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.