Top
a

5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 3

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті.

Сабақ № 3

Тақырып:  Г.В.Свиридов. Өміржолы.

           Георгий Свиридов — орыстың кәсіби музыка өнеріне зор үлес қосқан ірі қайраткер, пианист жіне композитор. 1915 жылдың 3 желтоқсанында Курск губерниясында пошта қызметкерінің отбасында дүниеге келді. Композитор бала кезінде әдебиетпен шұғылданады. Рояль аспабында ол 9 жасынан бастап үйренеді. Кейін оның қызығушылығы балалайка аспабына ауысады. Ерекше музыкалық қабілетінің арқасында ол халық аспаптар ансамбліне қабылданады. 1929-1932 жылдар аралығында композитор музыка мектебінде оқиды. Қазіргі уақытта аталған мектепке Г.Свиридовтың аты берілген.  1932 жылы композитор Ленинград қаласына көшіп, Орталық музыкалық техникумында фортепиано мен композициядан сабағын жалғастырады. Осы техникумды 1936 жылы аяқтайды. 1936-1941 жылдар аралығында ол Ленинград консерваториясында оқиды. 1937 жылы композиторлар одағына мүше болады. 1941 жылы консерваторияны аяқтай салысымен әскери қызметке шақырылады. Соғыс жылдары басқа композиторлар сияқты соғыс тақырыбындағы  әндерін  жазды. Оның ішіндегі ең танымалы «Песня смелых». 1944 жылға дейін  Ленинград филормониясы Новосибирскіге эвакуцияланған кезде Свиридов та осында келеді. 1944 жылы Ленинградқа қайтады, ал 1956 жылы Москва қаласына көшеді. 1957 жылдан – СССР-дің композиторлар Одағының басқарма мүшесі, 1962-1974 жылдары- хатшы қызметтерін атқарды. РСФСР-дің Жоғарғы Кеңесінің депутаты.                     1991 ж. Петровск ғылым және өнер академиясының құрылуына атсалысты.  

        Композитор өмірінің соңғы жылдары қатты ауырады. 1998 жылы 6 қаңтарда Москвадағы пәтерінде жүрек талмасынан қайтыс болады.   1935-1940 жылдарда А. Пушкиннің сөзіне жазылған вокалды топтама Г. Свиридов есімін елге тез танытты. Оның «Есенинге» атты поэмасы, революцияға арналған «Патетикалық ораториясы» орыс музыкасының аса құнды туындыларына айналды. Г. Свиридовтың Б. Пастернактың сөзіне жазылған хор мен оркестрге арналған   «Снег идёт» , «Курские песни» атты кантаталарыР. Бернстің сөзіне жазылған әндері, С. Есениннің сөзіне жазылған вокалды топтамалары — кәсіби музыка қорына қосылған қайталанбас құнды шығармалар.

Тапсырма. Музыка тыңдау: «Песня смелых»