Top
a

4 сынып. сольфеджио № 2 сабақ

4 сынып, сольфеджио  

№ 2 сабақ

Тақырыбы:D7 доминантсептаккорд және оның құрылымы.
D7 ережесі:

-Терция арқылы орналасқан  төрт дыбыстан тұратын  аккордты септаккорд деп атаймыз.

-Септаккорд деп аталу себебі, оның шеткі дыбыстары септима аралығын   құрайды.

Музыкада септаккордтың көптеген түрлері қолданылады. Ең көп тарағаны мажор мен гармониялық минордың V басқышында құрылатын септаккорд. Оның аты  Доминантсептаккорд деп аталады.

Доминантсептаккорд мажорлы үшдыбыстылық пен жоғарыдан қосылған кіші терциядан құралады (ү3+к3+к3). Доминантсептаккордтың дыбыстары, негізгі дыбыстан бастап санағанда, прима, терция, квинта, септима деп аталады.

Үй тапсырмасы: Доминантсептаккорд ережесін жаттау.