Top
a

2-сынып.Театр тарихы, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 3

Сабақ № 3

Тақырыбы:  Астана Опера

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы ашылды. «Астана Опера» — Орталық Азия аумағының ірі театр — әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған және архитектурасында ұлттық нақыш айқын көрінеді. Бүгінгі таңда «Астана Опера» репертуарында атақты ұлттық композиторлар шығармалары – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опералары, Ғ.Жұбанованың музыкасына қойылған «Қарагөз» балеті қамтылған. Әлемдік классика Дж.Вердидің «Аттила», «Аида», «Травиата», Дж.Пуччинидің «Богема», «Тоска», «Мадам Баттерфляй», «Турандот», Ж.Бизенің «Кармен», Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» және «Жібек саты» опера-фарсымен, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операларымен; П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», «Щелкунчик», С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», А.Хачатурянның «Спартак», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», Л.Минкустың «Баядерка» және «Дон Кихот», А.Аданның «Корсар» мен «Жизель», Б.Эйфман сахналаған «Роден», Р.Петидің «Париж Құдай анасының соборы», К.Макмиллан қойылымындағы «Манон» балеттерімен; сондай-ақ Р.Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?», К.Звереваның «Заман тынысы», М.Фокиннің «Шопениана», «Шехеразада» бір бөлімді балеттерімен ұсынылған.

Бас дирижер – Алан Бөрібаев, балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова.

Спектакльдер көрнекті сценограф Эцио Фриджерио және костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов, Арасель Досмұратованың қатысуымен, танымал жаһан және отандық өнер тұлғалары – Франко Дзеффирелли, Юрий Григорович, Борис Эйфман, Алтынай Асылмұратова, Андрис Лиепа, Алан Бөрібаев, Джанкарло дель Монако, Пьер Луиджи Пицци, Лоренцо Амато, Лука Ронкони, Давиде Ливермор, Раймондо Ребек және т.б. қойылымында көрерменге ұсынылуда.

«Астана Опера» сахнасында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Нұржамал Үсенбаева, Алан Бөрібаев, Жания Әубәкірова, Майра Мұхамедқызы, Марат Бейсенғалиев және тағы басқа әйгілі қазақстандық әртістермен бірге әлемдік музыка өнерінің жұлдыздары: Пласидо Доминго, Зубин Мета, Елена Образцова, Валерий Гергиев, Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Марсело Альварес, Светлана Захарова, Яна Саленко, Анна Антоничева, Ольга Смирнова, Элиза Каррильо Кабрера, Вадим Репин, Денис Мацуев, Владимир Спиваков, Ильдар Абдразаков, Джузеппе Акуавива… өнер көрсетті.

Бұл сахнада белгілі қазақстандық әртістер мен ұжымдар, сонымен қатар миландық Ла Скала, неополитандық «Сан-Карло», генуялық «Карло Феличе», Париж ұлттық операсы, Санкт-Петербордағы Мариин театры, Санкт-Петерборлық Борис Эйфманның мемлекеттік академиялық би театры, Новосібір опера және балет театры, З.Палиашвили атындағы Тбилиси мемлекеттік опера және балет театры, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры және т.б. айтулы ұжымдар гастрольдік сапар шеңберінде өнерлерін паш етті.

ЭКСПО-2017 аясында көптеген маңызды іс-шаралар өткізілді, оның ішінде Пласидо Домингоның ХХV Халықаралық «Опералия» вокалистер байқауы, Жермон партиясындағы П.Домингоның қатысуымен «Травиатаның» екі қойылымы бар. Сондай-ақ Қазақстан, Италия және өзге елдерден келген 1000-нан астам хор әртістері және оркестрдің қатысуымен «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаевтың жетекшілігіндегі Г.Малердің №8 симфониясы, К.Дженкинстың Shine Astana Салтанатты одасы орасан зор жетістікпен өтті.

VI театр маусымында «Астана Опера» екі мәрте лауреат атанды: А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсы үшін мәдениет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы (2018) мен «Жылдың театрлық алаңы» аталымы бойынша классикалық өнер саласындағы «BraVo» Халықаралық сыйлығына ие болды (Мәскеу, Ресейдің Үлкен театры, 2019).

Тапсырма: Театр парақшасы: @Astana Opera Theatre театр қойылымдарын қара