Top
a

Театр сыныбы

Тақырыбы:  Номад театр,  Астаналық заманауи театры          «Nomad City Hall» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Құрамына Астана комедия театры, Назар аудар театры, Әзіл әлемі театры кіретін «Nomad City Hall» МКҚК-нің директоры әрі көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов. «Nomad City Hall» концерт залында спектакльдерден бөлек Роза Рымбаева, Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Өмірқұл Айниязов, «Жігіттер» тобы, Алтынай Жорабаева, Төреғали Төрәлі, Айқын сынды эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Қазақстан ұлттық арнасының «Қайырлы кеш, Қазақстан» жобасы, «Әзіл әлемінің» жаңа бағдарламалары, талай талантты жастардың басын қосқан КТА ойындары және басқа да түрлі салалар бойынша

Сабақ № 7 Тақырыбы:«Astana Musical» театры «Astana Musical» – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының негізінде құрылған еліміздегі және Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекеттік мюзикл театры. Мюзикл – әртүрлі жанрдың бір түрге айналуы. Сиқырлы сөз өнері, опера, хор, балет, қазіргі заманғы би ырғағы, ұжымдық  би, фокус, акробатика секілді ең озық үлгілерді өз бойына жинақтаған,  шығармашылық синтезі.      «Astana Musical» мемлекеттік театры Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде 2017 жылы Европаның ең ірі бес қаласын (Париж, Канн, Брюссель, Вена, Берлин) қамтыған халықаралық гастрольдік турне өткізді. 2018 жылы әлем театрларының өнер алаңына айналған «Авиньон» халықаралық театр фестивалі «Astana Musical» мемлекеттік

Сабақ № 6 Тақырыбы: «Қуыршақ театры» 2010 жылы желтоқсан айының 29 жұлдызында қала әкімінің қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК-ның  ашылуы, Елордамыздың мәдени–рухани өміріндегі есте қалар елеулі оқиғалардың бірі болды.       Қазіргі таңда театрды  Мәдениет ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» ордені мен  "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері Хасанғалиева Тоғжан Ескендірқызы басқарып отыр.         Ал, театрдың көркемдік жетекшісі қызметін  Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендері мен «Еңбек ардагері», «Ерең еңбегі үшін»,"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медальдарының иегері, профессор Ешмұратова Құралай Халекетқызы атқарып келеді.        Театрдың қоюшы-режиссері- 2011 жылдың «Үздік актрисасы» және "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері Салаева Айжан Кәрібайқызы.      «Қуыршақ

Сабақ № 5 Тақырыбы:  Астана Жастар театры Астана Жастар театры — 2007 жылдың 5- шілдеде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған. Өнер ордасы өз шымылдығын Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбайұлынің «Шыңғысхан» спектаклімен ашыты. Спектаклдің қоюшы - режиссері Нұрқанат Жақыпбай, инсценировка авторы – Жаныш Құлмамбетов болды. Театрдың алғашқы директоры- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жастар одағы сыйлығының лауреаты Ғани Құлжанов. Театр актерлерінің 95 пайызы - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Қазақстан білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасында тәрбиеленген шәкірттер. Театрдың іргесін қалап, өнердің үлкен даңғылына шыққан бір топ талапкер - Ернар Жұматаев, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин, Жандәулет Батай, Айнұр Рахипова, Азамат Есқұлов бастаған қыз-жігіттер жасампаз

Сабақ № 4 Тақырыбы:  Наз мемлекеттік би театры Наз мемлекеттік би театры МКҚК — 1999 жылы Астана мемлекеттік филармониясы жанынан құрылды. Өнер ордасының іргетасын қалаған хореографтар ҚР Мәдениет қайраткері Еркебұлан Ағымбаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадиша Ағымбаева. 4 бишіден құрылған би ансамблі бірнеше жылдан кейін "театр" статусына ие болды. 2007 жылдың 1 наурыз айынан бастап қала әкімшілігінің шешімімен «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК болып өз алдына бөлек шаңырақ құрды. Театрда балет залы, көрермен залы 280 адамға және әкімшілікке арналған кабинеттер бар. Бүгінде театр репертуарында 100 астам ұлттық билер мен оннан астам хореографиялық спектакльдер бар. Театр