Top
a

Көркемөнер бөлімі

Антощенко-Оленев Валентин Иосифович (18.06.1900-11.06.1984) Антощенко-Оленев Валентин Иосифович (18.6.1900 — 11.6.1984) суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965) 1926 — 28 ж. Мәскеудегі жоғарғы тех. көркемсурет шеберханасында оқыған. 1928 ж. Қазақстанға келіп газет-журналдар (“Советская степь”, “Еңбекші қазақ”, “Жаршы” мен “Әйел теңдігі”) редакцияларында жұмыс істеді. А.-О-ның тарихи тақырыпқа жасалған “Әкелеріміздің жастық шағы” (1958), “Қамығу” (1959), “Бостандық және өлім” (1962) графикалары, “І.Жансүгіров” (1958), “П.Пикассо”, “О.Ренуар” (1962), “Ы.Жақаев” (1965), “А.-Х.Ярмухамедов” (1983) психол. портреттері және замандастар өмірінен алынған романтик. сипаттағы “Жарқырайды жаңа құрылыс оттары” (1960), “Мазар” (1964), “Қонаққа бару” (1964) атты линогравюр. шығармалары бар. Осы

Гипстен адам тұлғасын жасау Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын сала отырып, оның перспективалық заңдылықтарын сақтай отырып бейнелеуге тырысу қажет. Шрихтер аздап жіңішке болып, және бастың детальдарын айнала жатуы тиіс. Тондық шешімді тапқанда детальдармен жұмыс жасау барысында жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға принципін сақтаған жөн. БАС САЛУ ЖОЛДАРЫ: Кеудебөлігін салу жолдары: Қол-аяқты жасау жолдары: Адам тұлғасын салу жолдары:

Авангардтық киім үлгілерін салу Авангард- бұл стильдің отаны 20-ғасырда Жапония болған. Бұл сөздің мағынасы (фр. avant — алдында, garde — күзет) — негізгі әскери күшті қорғау мақсатында жорықта алдыңғы шепте жүретін әскери бөлімше дегенді білдіреді. Алғашында "Авангард" стилі архитектурада және мәдениетте қолданылған болатын. Біртіндей келе ол сән әлеміне де жол аша бастады.

Матаның қасиеттері. Матаның ассортименті. Матаның физикалық, химиялық және геометриялық қасиеттері. Матаның төзімділігі , ауа өткізгіштігі, сырт көрінісінің әсемдігі – киімнің түрі мен түсін сақтауда үлкен роль атқарады. Матаның төзімділігі мен ауа өткізгіштігі, ылғал тартқыштығын матаның – физикалық қасиеті деп айтамыз. Түр – түсі мен жылтырауы, сырт көрінісінің әсемдігі матаның – химиялық қасиеті деп аталады. Матаның ұзындығы, қалыңдығы, ені матаның –геометриялық қасиеті деп аталады.

Ампир стилінің дамуы мен шығу тарихы Ампир –  (франц. empіre — империя) — 19 ғ-дың басында Батыс Европада негізінен сәндік қолөнері саласында дамыған мәнер. Ампирдің сәндік қолөнері бұйымдарында кездесетін әшекей белгілері Көне Рим өнеріне еліктеушіліктен туындаған. Осы мәнер, әсіресе жиһаздарда, ыдыс-аяқ пен мата бұйымдарында, сәулет өнері туындыларында бой көрсетті. Залдар мәрмәрмен, қоламен, айналармен, панномен ерекшеленеді. Жиһаздар антикалық үлгіде жасалынып, киімдер үлгілері жеңіл,жылтыр  жіптермен зерленіп,антикалық тәсілмен сәнделген,ал ыдыс-аяқтар гравировкаланады. Ампир стилінің 2 түрі бар: 1) еуропалық; 2) орыс. Еуропалық түрінде колонналардың жоғарғы жағы ою-өрнектермен, төбесі мен қабырғалары жазуларымен әшекейленген. Саздан және алтыннан жасалған бұйымдар қолданылады. Орыс түрінде хрусталь

1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 4 Тақырып: Папье – маше Папье – маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс. Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипе және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады Папье –шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін жайпақ табақша, кесе, түрлі геометриялық денелерді пайдалануға болады. Папье – маше жұмысын орындау. Табақшаның сыртына бірінші жапсырылатын қағазды желім қосылмаған таза су жібітеміз. Сонда жұмысты толық аяқтап, кептіргеннен кейін, табақшадан бөліп алу оңай болады. Алғашқы жапсырылған қағаз үстіне 5-7 қабат желім араластырылған суға жібітілген қағаз жапсырылады. Ең соңғы қабатын ақ қағазбен тегіс, біркелкі етіп жапсырмалайды. Қағаз желімденген

1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 3 Тақырып:  Керамикаға көркем жазу. Көркем керамика - қолданбалы сәндік өнерінің тәжірибелік (ыдыс аяқ, ойыншықтар, тұрмыс бұйымдары) немесе балшықтың әр түрінен механикалық әдіспен, қолмен жасалған, соңынан арнайы сурет салынып, ою-өрнектер ойылып жапсырылып т. б. жұмыстары қолмен істеліп, күйдірілген бірыңғай сәндік (мүсіндер, сувенир т. б.) бұйымдардың жиынтығын құрайтын түрі. Қазақстан мұражайларында Абай Құнанбаевқа арналған көркем керамикалық бұйымдардың біразы сақтаулы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейінің қорында 2 сәндік құмыра (қыш, шыңылтыр, тұздар, оймыштау) тұр. Бірінің бүйірінде шеңбер ішіне Абайдың портреті салынып, «Талап, еңбек, терең ой, Қағанат, рақым ойлап

1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 2 Тақырып: Витраж (Шынымен жұмыс) Витраж(фр. vitre, лат. vitrum - шыны) - металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция. Әдетте, терезеге, есікке, арқалық қабырғаға дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді. Құрылыс тәжірибесінде ғимараттың түгел немесе ішінара әйнектелген қасбеті де Витраж деп аталады. Витраждың қарапайым түрлері Ежелгі Мысырда б.з.б. 2 - мыңжылдықтан бастап жасалған. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа сәулет өнерінде ғибадатханалардың интерьерлерін безендіруде Витраж өнері шарықтау шегіне жетті. Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 - 70 жылдары қоғамдық ғимараттар,      театр,  кафе, бар, мектеп, кинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады. Оның қызғылықты бір үлгісі -"Медеу" мейманханасындағы холл Витражы. Монументтік витраж бас

1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 1 Тақырып: Жұмсақ ойыншық. Эскиз салу Ертеректе әдемі киінген, бұрымында алқызыл таспасы бар қуыршақтар той дастарқанын безендіріп тұрған. Қуыршақ көпке дейін бет-әлпетсіз болды, өйткені адамдар кісіге ұқсатуға қорықты, бет-әлпеті бар қуыршақтар жанданып, балаға зақым келтіреді деп санаған. Уақыт өте бұл сиқырлы ұғым ұмытылып, қуыршаққа көз, ауыз, мұрын салып тіге бастады. Қуыршақ дайындаудың біраз нұсқасы бар, жұмыста қолданылатын техникалық әдістердің әртүрлілігіне қарамай, дененің жасалу әдісіне қарай заттарды 4 типке бөлуге болады: Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар.Сымдық қаңқалы қуыршақтар.Қолжаулық қуыршақтар.Классикалық қуыршақтар. Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар гипс, фарфор немесе папье-маше сияқты құрылымы қатты материалдан жасалады. Ойыншықтың негізін тығыз матадан тігілген денесі құрайды. Қаңқасыз ойыншықтардың пішінін толықтыратын материалдарды

1 –сынып.   Сурет Сабақ: 8  2- кезең: Шарды салуда перспектива заңдылықтары тұрғысында дұрыс орналастыру Конструкциялық тұрғысында шардың құрылымын дұрыс табуЗаттардың формасын дұрыс салу Үйге таспырма: Перспективада әр-түрлі заттарды салу