Top
a

Көркемөнер. антощенко-Оленев Валентин Иосифович. Шарипов.Р.

Антощенко-Оленев Валентин Иосифович

(18.06.1900-11.06.1984)

Антощенко-Оленев Валентин Иосифович (18.6.1900 — 11.6.1984) суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965) 1926 — 28 ж. Мәскеудегі жоғарғы тех. көркемсурет шеберханасында оқыған. 1928 ж. Қазақстанға келіп газет-журналдар (“Советская степь”, “Еңбекші қазақ”, “Жаршы” мен “Әйел теңдігі”) редакцияларында жұмыс істеді. А.-О-ның тарихи тақырыпқа жасалған “Әкелеріміздің жастық шағы” (1958), “Қамығу” (1959), “Бостандық және өлім” (1962) графикалары, “І.Жансүгіров” (1958), “П.Пикассо”, “О.Ренуар” (1962), “Ы.Жақаев” (1965), “А.-Х.Ярмухамедов” (1983) психол. портреттері және замандастар өмірінен алынған романтик. сипаттағы “Жарқырайды жаңа құрылыс оттары” (1960), “Мазар” (1964), “Қонаққа бару” (1964) атты линогравюр. шығармалары бар. Осы заманғы шығыс тақырыбына бірнеше топтама еңбектерін (“Хиуа”, 1965; “Ақындар”, 1969) арнаған.

ТАРИХИ ТАҚЫРЫПҚА АРНАҒАН СУРЕТТЕРІ