Top
a

Көркемөнер бөлімі

Даярлық сыныбы.  Сурет  пәні Сабақ № 3  Тақырып: Шығармашылық көркем сурет Шығармашылық сурет салудың қажеттілігі: Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық  дағдыларды меңгерту;  сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;  көркемдік талғамын арттыру; іскерлік дағдыларын меңгерту. Бейнебаян: https://youtu.be/rP2as79CE4s https://youtu.be/yVn6vletxho https://youtu.be/qR-LtpHrUNg Үй тапсырмасы: төменде көрсетілген суретті салып үйрену.

Даярлық сыныбы.  Сурет  пәні Сабақ № 2  Тақырып: Шығармашылық көркем сурет Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Бейнебаян: https://youtu.be/NB4XeOSdim4 https://youtu.be/rP2as79CE4s Үй тапсырмасы: төменде көрсетілген суретті салып үйрену. Қосымша: https://images.app.goo.gl/s4KpVVDu5mrNkHm59

Даярлық сыныбы.  Сурет  пәні Сабақ № 1 Тақырып: Табиғи формалардағы конструкциялардың әр алуандылығы Ағаштар мен өсімдіктердің табиғи жаратылысы олардың бір бірінен айрмашылығымен өзара ұқсастық қасиеттерін қалыптастырады. Әсіресе, ағаш бұталарының күрделі формалары мен өсімдік жапырақтары мен қауашақтарының сан алуандығы көз тартады. Сурет салып үйренуде ағаштармен өсімдіктер тақырыбына жиі ораламыз, сондықтан бұл тақырыптарда сурет салудың маңыздылығы зор, ол бізге қоршаған ортаны танып білуімізге жақсы мүмкіндік береді. Бейнебаян: https://youtu.be/NB4XeOSdim4 Үй тапсырмасы: Ағаштардың, гүлдердің суретін салып үйрену.

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ №7 Тақырып: Жұмсақ ойыншық Қазақ балалары қандай ойыншықпен ойнады? Бұрынғының балалары қуыршақты өздері жасап алатын, ойыншықпен ойнаған баланың зейіні артатыны дәлелденген. Ресейдегі Кунсткамера музейінде біздің ата-әжелеріміз ойнаған сан түрлі ойыншықтар сақталған. Соның бір қатарымен таныстырып өтсек. Мәселен, мына суреттегі қолдан жасалған қуыршақ қыз (үстіңгі екі сурет) музейге XX ғасырдың басында Ақмола облысынан жетзіліліпті. Негізі ағаштан, киімдері матадан жасалған. Ең ғажабы, қуыршақтың бет-жүзі көрсетілмепті. Керісінше қуыршақтың басына орамал таққан. Ұзын етек, кең көйлек кигізген. Осыған қарап-ақ біздің ата-бабаларымыздың балаға нағыз мұсылманша тәрбие бергенін байқауға болады. Ол кезде қуыршақтардың «жиһаздары» да болған

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 6 Тақырып: Жұмсақ ойыншық XIX - XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни әр ұлтқа тән нақыштары болған. Қуыршақ дайындаудың біраз нұсқасы бар, жұмыста қолданылатын техникалық әдістердің әртүрлілігіне қарамай, дененің жасалу әдісіне қарай заттарды 4 типке бөлуге болады: 1. ЖҰМСАҚ; ҚАҢҚАСЫЗ ҚУЫРШАҚТАР 2. СЫМДЫҚ ҚАҢҚАЛЫ ҚУЫРШАҚТАР 3. ҚОЛЖАУЛЫҚ ҚУЫРШАҚТАР 4. КЛАССИКАЛЫҚ ҚУЫРШАҚТАР Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар гипс, фарфор немесе папье-маше сияқты құрылымы қатты материалдан жасалады. Бейнебаян: https://youtu.be/aHEpC46e3_0  Үй тапсырмасы:  түрлі түсті қалдық маталардан қалаған ойыншықтарды жасап үйрену.

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 5 Тақырып: Жұмсақ ойыншық Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген -балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Ең көне Египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған.   Бейнебаян: https://youtu.be/yt0lLf9EZRQ Үй тапсырмасы:  түрлі түсті қалдық маталардан қалаған ойыншықтарды жасап үйрену.

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 4 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Кесте  – сәндік қолөнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін  шалыс, жатық, терме, жөрмеу  тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.  

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 3 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Бейнебаян: https://youtu.be/NfrrNS3cFoY Үй тапсырмасы:  түрлі түсті жіппен кесте тоқуды үйрену.

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 2 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істеу кезінде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектін пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанының әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Ал кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған.   Бейнебаян: https://youtu.be/Vc9-2fvaFLo Үй тапсырмасы: бисермен еркін

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 1 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жәй суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Мысалы: алқа, білезік, белдік, сөмкелер, шаш буғыш, және әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншықтар да тоқуға болады. Бейнебаян: https://youtu.be/Vc9-2fvaFLo Үй тапсырмасы: бисермен еркін тақырыпта жұмыс жасау.