Top
a

1 – сынып. Қолөнері пәні Сабақ № 1

1 – сынып.  Қолөнері  пәні

Сабақ № 1

Тақырып: Жұмсақ ойыншық. Эскиз салу

Ертеректе әдемі киінген, бұрымында алқызыл таспасы бар қуыршақтар той дастарқанын безендіріп тұрған. Қуыршақ көпке дейін бет-әлпетсіз болды, өйткені адамдар кісіге ұқсатуға қорықты, бет-әлпеті бар қуыршақтар жанданып, балаға зақым келтіреді деп санаған. Уақыт өте бұл сиқырлы ұғым ұмытылып, қуыршаққа көз, ауыз, мұрын салып тіге бастады.

Қуыршақ дайындаудың біраз нұсқасы бар, жұмыста қолданылатын техникалық әдістердің әртүрлілігіне қарамай, дененің жасалу әдісіне қарай заттарды 4 типке бөлуге болады:

  • Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар.
  • Сымдық қаңқалы қуыршақтар.
  • Қолжаулық қуыршақтар.
  • Классикалық қуыршақтар.

Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар гипс, фарфор немесе папье-маше сияқты құрылымы қатты материалдан жасалады.

Ойыншықтың негізін тығыз матадан тігілген денесі құрайды. Қаңқасыз ойыншықтардың пішінін толықтыратын материалдарды салумен сақталынады.

Бейнебаян: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=2849725132546644510&from=tabbar&parent-reqid=1585422669312053-1287798349650508963100346-production-app-host-sas-web-yp-63&text=жұмсақ+ойыншық+жасау+әдістері

Үй жұмысы: қосымша мәліметтер қарау