Даярлық сыныбы. Қолөнері пәні Сабақ № 4
Даярлық сыныбы. Қолөнері пәні
Сабақ № 4
Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу
Кесте – сәндік қолөнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Бейнебаян: https://youtu.be/dAgpB911Mms
Үй тапсырмасы: түрлі түсті жіппен кесте тоқып үйрену.