Top
a

Сурет сыныбы

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 6 Тақырып: Көктемгі табиғатты бейнелеу Пейзаж дегеніміз-табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма. Пейзаж-француз сөзі,бұл қоршаған ортаны, табиғат көрінісін бейнелеу деген сөз. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады. Пейзаждар ауа-райына байланысты және де жылдың төрт маусымына яғни, қыс-жаз, көктем-күз сонымен бірге уақыт мезгіліне, мысалы: тәңертең-кеш, күндіз-түн сияқты мезгілдерге байланысты өзінің түстік шешімін табады. Бейнебаян: https://images.app.goo.gl/c4yLk4vr1mtEkTAr8 Үй жұмысы: Өз қалауы бойынша көктемді бейнелеу

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 5 (2 сағат) Тақырып: 1-2 заттан тұратын натюрморт Натюрморт-бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет ХVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.  Ендеше натюрморт меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым екі-үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік. Бейнебаян: https://images.app.goo.gl/A9jJti8PSTzpLQ3r9 Үй жұмысы: 1-2 затты натюрмортты бейнелеу.

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 4 Тақырып: Гуашь кескіндемесіндегі түстердің қарама қарсылығы Гуашь - су бояуы, затты бейнелеуде қағаз бетінде жазылу қасиеті үлкен. Гуашь бояуымен картон және фанер бетіне де жазуға болады. Орындалған жұмыста бархат тұрғыда жұмсақ көрініс береді. Гуашь бояулары кепкен кезде көп ағарып кетеді, сондықтан оны түсіну үшін гуашпен көп жұмыс орындап үйрену керек.                                                               Үй жұмысы: төмендегі қарама қарсы түстерден тұратын суретті салу.

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 3 Тақырып: Гуашь кескіндемесіндегі түстердің қарама қарсылығы Кескіндеме – бейнелеу өнеріндегі басты жанр. Кеңістіктегі зат әлемін бейнелеуде оның негізгі тілі бояу болады .   Гуашь кескіндемесіндегі түстердің қарама қарсылығын білу үшін мына шеңбердегі қарама-қарсы орналасқан түстерге қара. Қызыл түс жасылға,

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 2 Тақырып: Бір түспен натюрморт салу. Бір түспен натюрморт салу яғни, гризайль стилінде картиналарды кез келген материалдармен жазуға болады — май, темпера, акрил, гуашь акварель және тіпті сепияны қолдануға болады. Гризайль техникасындағы жұмыс принципін түсіну үшін біз қарапайым заттардан — вазадан, алма, стаканнан бастауға кеңес береміз. Гризайль-өте маңызды техника, ол тонды зерттеуге мүмкіндік береді, бір реңкті тонның қанық, солғын, ашық түрін түсінуге үйретеді. Сызылатын заттың жарық көлеңкесін анықтау, ( төменде берілген суреттегідей ) жұмысты аяқтау. Үй жұмысы: жоғарыда берілген суретті салу немесе бір түспен натюрморт салу яғни,гризайль техникасында этюд салу.

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 1 Тақырып: Бір түспен натюрморт салу. Бір түспен натюрморт салу яғни,гризайль техникасында этюд салу. Гризайль французша «сұр» деген мағынада. Бұл бір түстерін пайдалану арқылы картина жасау процесін білдіреді. Бұрынғы кезде суретшілер сұр, қоңыр немесе қара түстерден бір түсті натюрморт салса, ал қазір сізге ұнайтын кез келген реңкті пайдалануға болады. Сызылатын заттың композициялық құрылымын анықтап, негізгі және көмекші сызықтармен көрсету. ( төменде берілген суреттегідей ) Үй жұмысы: жоғарыда берілген суретті салу немесе үй жағдайындақұмыра, стақан, кесе сияқты қарапайым ыдыстардың бірін таңдап алып, натюрморт ретінде құрылымын салып үйрену.