Top
a

Сурет сыныбы

Даярлық сыныбы.   Композиция  пәні Сабақ № 8 Тақырып: Сюжеттік- композиция. Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы һәм тәсілі. Оның үстіне, бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне – бірі көшіп отыратын нәрселер; мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ. Үй жұмысы: мына берілген композицияны көшіріп салу. Бейнебаян: https://www.uniface.kz/interfacts/index.php?post=article&id=167

Даярлық сыныбы.   Композиция  пәні Сабақ № 7 Тақырып: Өсімдік бейнелі ою – өрнектер. Өсімдік тектес ою-өрнектер — ою-өрнектің негізгі композияциялық түрі. Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырықтар, жапырақшалар, үш жапырақты өсімдіктер, бүршіктер және гүлдер. Мысалы, «гүл» өрнегі — гүлдердің барлық түрінің символы. Шебер әйелдер киім - кешектерді әшекейлеуде өсімдікті өрнектерді жиі қолданады. Үй жұмысы: өсімдік бейнелі ою – өрнектерді  гуашьпен салу.

Даярлық сыныбы.   Композиция  пәні Сабақ № 6 Тақырып: Ай,күн, жұлдыз, көк әлеміне байланысты оюлар. «Күн» ою-өрнегі күнді меңзейді. Күн, Ай, Аспан бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі діни ұғымда бұлардың магиялық күші бар деп сенген. «Күн», «күнкөзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» ою-өрнектері кілемнің, түскиіздің дәл ортасына салынады.    «Ай» ою-өрнегі көшпенділердің космогониялық дүниетанымынан туған элемент. Ондай наным-сенімдер космогониялық діни дүниетанымнан және түркілердің Тәңірге табынуынан туған қүбылыс. «Ай» таңбасы мұсылмандардың мешіттің, күмбездің төбесіне қойылатын нышандық белгісі. «Жұлдыз» ою-өрнегі космогониялық элементтерге жатады. Көшпенділердің қолөнері мен зергерлік бүйымдарында төрт, бес, алты, сегіз жұлдыз болып қолданады. Үй жұмысы: Ай,күн, жұлдыз, көк әлеміне байланысты оюларды салу

Даярлық сыныбы.   Композиция  пәні Сабақ № 5 Тақырып:Геометриялық фигуралар тектес оюлар. Геометриялық ою-өрнектерді қиық шаршылар, иректер, үш бұрыштар және көп бұрыштар құрайды. Ою-өрнектердің элементтері төрбұрышты, қиық шаршылы, жұлдызды болып келеді. Олар ағашты көркем өңдеуде, үй іші мен жиһаз бұйымдарын, музыкалық аспаптар мен аңшылық саймандарды әшекейлеуде өте жиі кездеседі. "Ирек", "ирек су" геометриялық өрнектері қисық сызықтар сынығынан тұрады. Бұл өрнекпен көбінесе сақина, білезік, алқа секілді зергерлік бұйымдарды, ши тоқымаларын, сырмақтар мен кебеже, жүкаяқтар, ыдыс-аяқ пен киім-кешектерді әшекейленеді. Үй жұмысы: өрнекті түрлендіріп құрастыр, мысалы төмендегі суреттей.

Даярлық сыныбы.   Композиция  пәні Сабақ № 4 Тақырып: Аңның дене мүшесіне байланысты ою-өрнектер. «Арқармүйіз»  арқардың мүйізін тұспалдайды. Бұл элемент  «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі. «Қошқармүйіз қойдың басы мен екі жаққа иіріле түскен мүйізіне байланысты шыққан өрнек түрі. «Қошқармүйіз» элементі бақыт-береке, байлықтың және мал-жанның көбеюінің символы. Төртқұлақ – өрнектің  ортасы  жіліншік  өрнегі  тектес  болып  келетін, төрт  тармағына  мүйіз  өрнегі  қондырылған  ең   көне  ою – өрнек  түріне  жатады. Бейнебаян ою-өрнек түрлері:  http://oqu-zaman.kz/?p=7519     Үй жұмысы: мына төртқұлақ

Даярлық сыныбы.   Композиция  пәні Сабақ № 3 Тақырып: Құстарға байланысты ою-өрнектер. Құстарға байланысты өрнектер: түрлері: «құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын»,  «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т.б. "Құсқанаты" - қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді. Үй жұмысы: Осы оюды бейнелеу.

Даярлық сыныбы.   Композиция  пәні Сабақ № 1 Тақырып: Қазақ ою-өрнектері Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу деген сөзден шыққан. Ою – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнек дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей нақыштар. Оюшы – әр түрлі өрнек үлгілерін ойып, кесіп, құрап жасаушы шебер. Бейнебаян: 132&text=ою+өрнек+түрлері Үй жұмысы: сілтемеге кіріп қағазбен ою ойып үйренhttps://bilim-all.kz/jospar/3170   Ою – өрнектерден көмпозиция құрастыр.

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 8 Тақырып: Ақ зат кескіндемесі. Ахроматикалық түс және кеңістік ортасы. Түс – композицияда түстердің үйлесімділігі үлкен роль атқарады. Әр-түрлі түстер адамға эмоциялық әсер береді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл-күйді көтереді. Түстер екі түрге бөлінеді, олар хроматикалық және ахроматикалық түстер. Ахроматикалық түстерге түссіз ақ, қара, сұр жатады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша — ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Ахроматикалық түсте салынған натюрморт. Бейнебаян: https://images.app.goo.gl/aihYqXWgM22xCrTn8 Үй жұмысы: төмендегі мына бір түспен берілген суретті көшіріп сал.

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 7 Тақырып: Көктемгі табиғатты бейнелеу Жыл мезгілдерінің бірі көктем айы тіршілік дүниесіне кереметтей әсер етеді. Көктем айрықша бір әдемі, сәтті көктем шуағы болып табылады. Күн нұрын шашса, көк майса көтеріліп, ағаштар бүршік жарып , құстар сайрап адамның көңіл күйі жадыраңқы болады. Ендеше “ Шуақты көктем ” атты еркін тақырыпа сурет салайық. Сурет саларда перспектив заңдылықтарына мән береміз. Перспектива – кеңістіктегі нәрсенің біздің көру нүктемізге жақындаған сайын үлкейіп, алыстаған сайын кішірейіп көрінетін құбылыс. Перспектива заңдылығы Бейнебаян: https://images.app.goo.gl/w6hCNXySAgxTxtR59 Үй жұмысы: мына берілген алма ағашының суретін көшіріп сал.