Top
a

Даярлық сыныбы. Кескіндеме пәні Сабақ № 1

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні

Сабақ № 1

Тақырып: Бір түспен натюрморт салу.

Бір түспен натюрморт салу яғни,гризайль техникасында этюд салу. Гризайль французша «сұр» деген мағынада. Бұл бір түстерін пайдалану арқылы картина жасау процесін білдіреді. Бұрынғы кезде суретшілер сұр, қоңыр немесе қара түстерден бір түсті натюрморт салса, ал қазір сізге ұнайтын кез келген реңкті пайдалануға болады.

Сызылатын заттың композициялық құрылымын анықтап, негізгі және көмекші сызықтармен көрсету. ( төменде берілген суреттегідей )

Үй жұмысы: жоғарыда берілген суретті салу немесе үй жағдайындақұмыра, стақан, кесе сияқты қарапайым ыдыстардың бірін таңдап алып, натюрморт ретінде құрылымын салып үйрену.