Top
a

Даярлық сыныбы. Кескіндеме пәні Сабақ № 2

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні

Сабақ № 2

Тақырып: Бір түспен натюрморт салу.

Бір түспен натюрморт салу яғни, гризайль стилінде картиналарды кез келген материалдармен жазуға болады — май, темпера, акрил, гуашь акварель және тіпті сепияны қолдануға болады. Гризайль техникасындағы жұмыс принципін түсіну үшін біз қарапайым заттардан — вазадан, алма, стаканнан бастауға кеңес береміз.

Гризайль-өте маңызды техника, ол тонды зерттеуге мүмкіндік береді, бір реңкті тонның қанық, солғын, ашық түрін түсінуге үйретеді.

Сызылатын заттың жарық көлеңкесін анықтау, ( төменде берілген суреттегідей ) жұмысты аяқтау.

Үй жұмысы: жоғарыда берілген суретті салу немесе бір түспен натюрморт салу яғни,гризайль техникасында этюд салу.