Top
a

Даярлық сыныбы. Кескіндеме пәні Сабақ № 5 (2 сағат)

Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні

Сабақ № 5 (2 сағат)

Тақырып: 1-2 заттан тұратын натюрморт

Натюрморт-бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет ХVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді

Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.  Ендеше натюрморт меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым екі-үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік.

Бейнебаян: https://images.app.goo.gl/A9jJti8PSTzpLQ3r9

Үй жұмысы: 1-2 затты натюрмортты бейнелеу.