Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • 2023 жылдың 29 қараша күні Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Астана қаласы бойынша қосымша білім беру педагогтерінің қалалық «Жүрегімнің жылуы балаларға» деп аталатын байқаудың марапаттау іс-шарасы өтті. Байқау қорытындысы бойынша №2 Өнер мектебінің қобыз аспабы пәнінің педагогі Кумисбекова Ж.С. 1 орынға ие болды. 2 кезеңнен тұрған бұл байқаудың ұстаздың кәсіби өсуіне, шығармашылықпен айналысуына қосар үлесі орасан зор. Әріптесімізге биік белестерден көрініп, үнемі шәкірт жүрегінен орын ала білетін білікті де, білімді маман болуын, келер ұрпақ бойына тәлім мен тәрбие берер ұлағатты ұстаз атануын тілейміз!

    27 қараша күні Театр бөлімінің оқушыларымен «Қазақ сахнасының саңлағы Бикен Римованың                                        100 жылдығы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:  Қазақ сахнасының, киносының жарық жұлдызы дарынды актриса, Қазақстанның және КСРО халық әртісі Бикен Римованың өмір жолы, туып-өскен жері , оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру.  Оқушылар актрисаның өмірі және шығармашылығы туралы терең мағлұмат алып, сомдаған ролдерімен түскен киноларымен жақынырақ танысты.  Өткізген: Г.Қайырбекова, А.Қуанышева.

    “Мен де жұлдыз боламын” республикалық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. Жеке орындауда Музатов Аян - Бас Жүлде, Түркияға жолдама берілді,  "Өркен" домбырашылар квартеті - 1 орын. Жетекшісі: Н.Айжарыков Құттықтаймыз! «Мен де жұлдыз боламын» байқауының мақсаты:- Жасөспірімдердің эстетикалық талғамын арттыру мен өлкеміздің болашақ жас жұлдыздарын жарыққа шығару. Сонымен қатар сахнаны меңгеру мәдениетін, орындау шеберлігін арттыру;- Болашақ өнер жұлдыздарын сахна мәдениетіне баулу ,сонымен қатар жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани дамуын қалыптастыру, сонымен қатар балалар әндерін орындауға баулу;- Балалар мен жасөспірімдерге рухани - мол тәрбие бере отырып, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, жас орындаушылардың

    21-22 қараша күндері негізгі кеңсе және АРТ-ТҰМАР орталығында: «Ұлттық құндылық-тәрбиенің түп қазығы» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық сана- сезімі қалыптасқан,ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын,  ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.  «Мәнгілік ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай  білуіміз керек. Себебі ұлттық құндылық-ұлтың тірегі.  Өткізген мұғалімдер: iР.Оразбаева,Р.Қуанов,Ж.Мырзаханов, М.Жоламанова.

    2023 жылдың 20 қарашасында Астана қаласының №2 өнер мектебінде Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Қобыз және орыс халық аспаптары» кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Сайжан Алмат Қарасайұлының қатысуымен «Қобыз өнерінің актуалды сұрақтары: қобыз позициялары және аппликатура принциптері» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабақ барысында қобыз аспабына арналған репертуар, орындаушылардың техникасын арттыру, дыбыс сапасын жетілдіру, шәкірттерін ізбасар етіп тәрбиелеп, әр кез қызықтыра білуді тілге тиек етті. Сонымен қатар республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Жания Естайқызы мен Дамир Сапарбаев өз өнерлерін ортаға салу арқылы қобыз аспабының құдіретін одан сайын

    «БАЛАЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» атты балалар суреттерінің республикалық байқауы қашықтан өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамыту. Міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару;балалардың шығармашылық әлеуетін ашу;азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттыру;сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеу.Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізді. Мектебіміздің сурет сыныбының оқушылары белсене қатысты: Дастан Жаннұр- сертификат, Махметова Салуа- сертификат, Нүпбай Айбөпе- сертификат, Шарапат Айдана-сертификат. Жетекшісі: Қайрат Жәйірбек Құттықтаймыз!

    Қарағанды қаласында өткен онлайн "Мамандықтар әлеміне жол ашамыз»   атты ІX ашық Республикалық  байқауына мектебіміздің сурет сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды: І орын - Жақсылық Іңкәр ІІІ-орын Ғайнулла Ақбике ІІІ орын - Қайырбек Айсана. Жетекшісі: Райхан Алимгазина Құттықтаймыз!

    Балалар Музыка мектебі және Өнер мектебі оқушыларының арасында өтетін Кенен Әзірбаев атындағы V қалалық «Көпшілік тыңда әнімді» байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды:            Бас жүлде-Амантай Асиана  І орын – Бахтияр Естияр ІІ орын - Сейсембек Кәусар  ІІ орын - Әлібекқызы Аруна  Жетекшілері: Гүлімай Қазкенова, Амангелді Қожамуратов. Құттықтаймыз! 

    Республикалық “Абыз-домбыра” байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Кусайнова Мерей қатысып дипломант атанды. Жетекшісі: Жанат Нахаева. Құттықтаймыз! Айта кетерлігі, мектеп оқушыларын халық мәдениетіне баулу мақсатында өткізілетін байқауға Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 13 жас аралығындағы оқушылары бақ сынасты.

    Бүгін «Музыка бөлімінің вокал сыныбы» бөлімінің мұғалімдері арасында семинар-практикум өтті. Бөлім педагогі Мейірхан Н.К.  «Балаларға қосымша білім берудегі STEAM-технологияларының мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Мақсаты: Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану, сабақ барысында  республикалық деңгейдегі ақпараттық-мәдени, білім порталдары мен бағдарламаларды қолдану.