Top
a

Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

«БАЛАЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» атты балалар суреттерінің республикалық байқауы қашықтан өткізілді.

Мақсаты: өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару;
  • балалардың шығармашылық әлеуетін ашу;
  • азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеу.
  • Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
    Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізді.

Мектебіміздің сурет сыныбының оқушылары белсене қатысты: Дастан Жаннұр- сертификат, Махметова Салуа- сертификат, Нүпбай Айбөпе- сертификат, Шарапат Айдана-сертификат.

Жетекшісі: Қайрат Жәйірбек

Құттықтаймыз!