Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру жағдайында «Ақындар айтысы» сайысын өткізу жоспарланып отыр. «Ақындар айтысы» сайысы – бұл еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге міндеттелген үлкен жоба. Ақындар айтысының мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау. Осы жоба аясында №2 өнер мектебінің дәстүрлі ән бөлімінің мұғалімдері М.Абдықадыр мен З.Жакешова, А.Қожамуратов, Г.Қазкенова, Н.Мейрхан ақындар айтысын өткізу жұмыстары бойынша

    Бүгін №2 өнер мектебінде отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты: Оқушылардың отбасына деген махаббатын арттыру, татулыққа, сыйластыққа, туыстыққа баулу, жанашырлық, мейірімділік сезімдерін ояту.  Сонымен қатар, адамгершілік, парасаттылық және мәдениеттілікке тәрбиелеу.  Іс-шара сайыс түрінде өтіліп, ата-аналар белсенділік танытып,қатысып өнерлерін көрсетті.  Өткізген мұғалімдер: Р.Кашканова, Г.Кабулова, А.Жолдыбекова

    Ваканттық  орындар Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 Өнер мектебі» МКҚК (Астана қаласы, Достық 13 көшесі) уақытша бос орындар лауазымына конкурс жариялайды. Уақытша бос орындар:  1. Концертмейстер Конкурс бойынша мәліметтерді оner_mektebi_2@mail.ru электрондық поштасы немесе (87172) 26-62-38 телефон нөмірі арқылы білуге болады. Уақытша бос орындар конкурсына ниет білдіргендерге enbek.kz сайты арқылы түйіндеме жіберу сұралады. Уақытша бос орындар конкурсының катысып, комиссия отырысына шақырту алған үміткерлер мына құжаттамаға сәйкес, "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы, төмендегідей құжаттарын (электрондық немесе қағаз түрінде) комиссияға ұсынуы тиіс:       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;       2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен

    8 қыркүйек  күні №2 өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздары сергіту сәті челленджін өткізді.  Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтын насихаттау Міндеттері: - физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету; - оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету; - балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.

    30 тамыз – ҚР Конституция күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «№2 Өнер мектебі» Ұлттық балаларды оңалту орталығының Әлеуметтік-педагогикалық оңалту басқармасы ұжымымен бірлесіп қайырымдылық кеш ұйымдастырды. Мектепбіміздің өнерпаздары орталықтың ем алушы пациенттеріне қуанышты көңіл күй сыйлады. Орталық басшылығы Астана қаласының «№2 Өнер мектебі» директоры Гүлмира Жангелдіқызына қолдау көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапаттады.

    Мектебіміз «Мектепке жол» акциясының аясында Орталық алаңда концерттік іс-шара ұйымдастырды. Концертті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. https://youtu.be/GESZB6ciC1o?si=9Ta0c_22dfJEJa1X Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.

    2023 жылдың 16 тамызында Астана қаласыәкімдігінің №2 өнер мектебіне «Өнер - өмір өрнегі» халықаралық жоба аясында Якутск қаласы, Саха Республикасы (Якутия) Мәдениет және рухани даму министрлігі Геомәдени даму институтының жетекші әдіскері Бережнова Анжелика Николаевна жол сапарымен келді.    Негізінен бұл жоба 2023 жылдың 21 сәуіріндетелекөпір ретінде екі мемлекет арасында өткен болатын, сол себепті бүгінгі іс-шара сол жобаның сабақтастығы десек болады.   Іс сапардың мақсаты: №2 өнер мектебімен жақынырақ танысу, оқушылардың өнерін тамашалау, Қазақстан-Саха елдерімен, Астана-Якутск қалаларымен, қазақ халқының ұлттық аспаптары және фольклорымен танысу. Үшсағаттың ішінде директор Гүлмира Жангелдіқызының жетекшілігімен №2 өнер мектебі педагогтарының ұжымы ұлттық аспаптың шексіз мүмкіндіктерін көрсете отырып, оқушылар арасында халық шығармашылығы мен фольклорды насихаттау туралы өз тәжірибесімен бөлісті, мектептің тұрмыс тіршілігімен таныстырды.    Іс-шара барысында Анжелика Николаевнамузыка өнерінің шексіздігі, Қазақстан - Саха ұлттық аспаптары мен фольклорының ұқсастықтары туралы сөз

    Астана қаласы әкімдігінің №2 Өнер мектебінің 2023-2024 жаңа оқу жылына қабылдау басталды. Қабылдау уақыты: 9.00-18.00 / 13.00-14.00 түскі асқа үзіліс/ Қосымша ақпарат үшін: 87172 26 62 38 / 87172 26 62 41 Іріктеуде баланың шығармашылық қабілеті қарастырылады. Іріктеуден өткеннен кейінгі екінші этап құжаттар қабылдау. https://youtu.be/5yjrrQZl-q0