Top
a

Ұстазымыз «Жүрегімнің жылуы балаларға»байқауынан I орын алды

2023 жылдың 29 қараша күні Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Астана қаласы бойынша қосымша білім беру педагогтерінің қалалық «Жүрегімнің жылуы балаларға» деп аталатын байқаудың марапаттау іс-шарасы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша №2 Өнер мектебінің қобыз аспабы пәнінің педагогі Кумисбекова Ж.С. 1 орынға ие болды.

2 кезеңнен тұрған бұл байқаудың ұстаздың кәсіби өсуіне, шығармашылықпен айналысуына қосар үлесі орасан зор. Әріптесімізге биік белестерден көрініп, үнемі шәкірт жүрегінен орын ала білетін білікті де, білімді маман болуын, келер ұрпақ бойына тәлім мен тәрбие берер ұлағатты ұстаз атануын тілейміз!