Top
a

Бас жүлде: «Мен де жұлдыз боламын» байқауы

“Мен де жұлдыз боламын” республикалық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды.

Жеке орындауда Музатов Аян — Бас Жүлде, Түркияға жолдама берілді, 

«Өркен» домбырашылар квартеті — 1 орын.

Жетекшісі: Н.Айжарыков

Құттықтаймыз!

«Мен де жұлдыз боламын» байқауының мақсаты:
— Жасөспірімдердің эстетикалық талғамын арттыру мен өлкеміздің болашақ жас жұлдыздарын жарыққа шығару. Сонымен қатар сахнаны меңгеру мәдениетін, орындау шеберлігін арттыру;
— Болашақ өнер жұлдыздарын сахна мәдениетіне баулу ,сонымен қатар жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани дамуын қалыптастыру, сонымен қатар балалар әндерін орындауға баулу;
— Балалар мен жасөспірімдерге рухани — мол тәрбие бере отырып, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, жас орындаушылардың орындау мәнерлерінің маңыздылығын арттыру;
— Талантты балаларды, республикалық деңгейде іріктей отырып, жүзден жүйрік шыққандарды Халықаралық байқау және фестивальдерге қатыстыру.