Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • 2023 жылдың 02 қарашасында Астана қаласының  №2 өнер мектебінің «Музыка бөлімінің фортепиано, скрипка сыныбы»  бөлімінің педагогі Усенова Д.  бөлім педагогтерінің арасында «Вокалдық сыныптағы концертмейстер шығармашылығының ерекшелігі» тақырыбында пікіралмасу өткізді.  Пікіралмасудың мақсаты: қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру курстарынан алған іс-тәжірибесімен бөлісу, ұстаздар арасында пікір алмасу. Педагогтер алған білімдерімен бөлісіп,  концертмейстердің шығармашылық дамуы, оның  шығарманы сүймелдеудегі техникасымен, өзіндік  әдістерімен   танысты.

    Жас маманға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2023 жылдың 2 қараша күні   «Музыка бөлімінің вокал сыныбы» бөлімінің мұғалімдері арасында семинар-практикум өтті. Бөлім педагогі Оразбаева Р.А.  «Білім алушылардың вокалдық-сахналық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Мақсаты: Педагогтің үздіксіз ізденуінің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдіруінің және өзінің қалаған мамандығына деген шексіз сүйіспеншіліген туындайтын ұстаз бойында педагогикалық шеберлігін қалыптастыру. Оразбаева Р.А.  өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, оқушының вокалдық-сахналық дағдыларын қалыптастыру – әр педагогтің музыканы сауатты оқыту әдістемесін жетік меңгеруінен деген тұжырымын жасады.

    «Театр және хореография сыныбы» бөлімінің педагогі Егдір Қ. «Қосымша білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың әдістері» тақырыбында курстан алған білімімен, іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында практикалық семинар өткізді. Мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін ұғыну, пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі, ертегі, ойын техникаларының бала сезіміне әсерін түсіне білу.  Педагог өз іс-тәжірибесімен бөлісіп ғана қоймай, курста алған ілімін өз сабақтарында пайдаланып жатқандығын, ол әдіс-тәсілдердің оқушыға ұнайтындығы туралы, келешекте  басқа әріптестерімен ақылдаса отырып өз әдістемесін құрастырып шығару туралы ойларын ортаға салды.

    «Көркемөнер және киімді көркемдеп үлгілеу» бөлімінің педагогі Жоламанова М.Ж. «Кескіндемені оқытудағы педагогикалық шеберлік: дәстүрлі емес техникадағы лайфхактар» тақырыбында практикалық семинар өткізді.  Семинардың мақсаты: Педагогтің біліктілікті арттыру курсынан алған іс-тәжірибесімен бөлісуі, кескіндемені оқытудағы әр педагогтің өзіндік қолтаңбасын қалдыруы, педагогикалық шеберлігін шыңдау кезінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана білуін насихаттау. Жоламанова М.Ж. алдын-ала жасаған презентация арқылы өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, сурет салу кезінде  оқушылармен сауатты қарым-қатынас жасау, кескіндемеде кездесетін қиыншылықтар туралы өз ойын ортаға салды.

    «Театр және хореография сыныбы» бөлімінің педагогі Зәкәрия Д. «Заманауи операторлық өнердің оқу тәсілдері» тақырыбында курстан алған білімімен, іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында пікіралмасу өткізді. Мақсаты: Операторлық өнерді үйрену кезінде пайдаланылатын құрылғылар мен бағдарламаларды жетік меңгеру, жарықты беру тәсілінің техникасы, көлеңке түсіру кезіндегі ерекшеліктерді сезіне, түсіне білу. Педагог өз іс-тәжірибесімен бөлісіп ғана қоймай, қысқаметражды фильмдерді түсіру, оған оқушыларды баулу туралы ойларын да ортаға салды.

    Бүгін «Музыка бөлімінің халық аспаптары сыныбы» бөлімінің мұғалімдері арасында практикалық семинар өтті. Бөлім педагогтері Сахметова М.Б. және Ишанкулов Б. «Қазақ халық аспаптары үшін туындыларды аспапқа салу ерекшеліктері» тақырыбында өздерінің курстан алған білімдерімен, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың мақсаты: Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, ұлттық аспаптарды үйрету техникаларын тиімді қолдану. Педагогтер өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, педагогтің курстан кейінгі іс-тәжірибесімен бөлісудің тиімділігі туралы өз ойларын ортаға салды.

    2023 жылдың 31 қазанында Астана қаласының №2 өнер мектебінің қыл қобыз аспабының педагогі, жас маман Жолдыбекова А.Т. «Қосымша музыкалық білімнің заманауи педагогикалық технологиялары» тақырыбында практикалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты: қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру курстарынан алған іс-тәжірибесімен бөлісу, ұстаздар арасында пікір алмасу. Педагогтер алған білімдерімен бөлісіп, оқытудағы инновациялық технологиялардың қыр-сырымен танысты.

    Бүгін №2 өнер мектебінің төрінде «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында айтыс өтті. Ақындар айтысының мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау. Бүгін №2 өнер мектебінің төрінде осы айтыс өнері бойынша 5 жұп өнер көрсеткелі отыр. 1-ші жұп Сейсенбек Кәусар мен Алибекқызы Аруна 3-ші жұп Мейрбекұлы Нұрасыл пен Қамбарова Аружан 4 – ші жұп Жолдибеков Тәуір -Қазкенова Гүлімай 5- ші жұп Қожамуратов Амангелді – Абдықадыр

    Ансамбльдер номинациясы бойынша Бас жүлде – №70мл, «Жас өрен» ансамблі. Жетекшілері: Ниханбаева Гульжан Марсельқызы,Ниханбаева Карлыга Жумахановна. 1 орын - №49мг ансамблі, жетекшісі: Сулейменова Молдир Айдынбековна; 2орын - №58мг - «Наркескен» домбырашылар ансамблі,жетекшісі: Монкебаев Марат Жарылқасынұлы; 2 орын - №48мл, «Домбыра дастан» ансамблі,жетекшісі: Кируова Жанат Каримовна 3 орын - №24ом ансамблі,жетекшісі: Серикбаева Назипа Полатовна; 3 орын- №27мл,  «Ақжелең» ансамблі,жетекшісі: Жардемов Мейрамбек Батырұлы Қатысқаны үшін дипломдар: Байтурсынов атындағы БИНОМ мл-«Сарыарқа» көркемөнерпаздар ансамблі, жетекшісі: Серікқазина Айгерім Серікқазықызы, Алпысбаева Гульжамал; №34ом ансамблі, жетекшісі:Алтынбекова Лаура Абаевна; №77мг- «Жас өркен» ансамблі, жетекшісі: Ахметова Сағила Райымбекқызы; Ұлттық аспаптарда ойнау номинациясы бойынша Кіші топ 1 орын - №28мл оқушысы Өсер Әділет,жетекшісі: Молдахметов Казымбек Молдабекович 2 орын - №37мл оқушысы: Асқаров Алинұр, жетекшісі: Исаева Роза Калымбаевна; 2

    15 қазан күні Астана қаласында өткен "Бала шабыты" халықаралық байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының 3 сынып оқушысы - Махамбет Шыңғыс қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Берік Ишанкулов. Құттықтаймыз!