Top
a

Алмат Қарасайұлының шеберлік сыныбы өтті

2023 жылдың 20 қарашасында Астана қаласының №2 өнер мектебінде Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Қобыз және орыс халық аспаптары» кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Сайжан Алмат Қарасайұлының қатысуымен «Қобыз өнерінің актуалды сұрақтары: қобыз позициялары және аппликатура принциптері» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабақ барысында қобыз аспабына арналған репертуар, орындаушылардың техникасын арттыру, дыбыс сапасын жетілдіру, шәкірттерін ізбасар етіп тәрбиелеп, әр кез қызықтыра білуді тілге тиек етті.

Сонымен қатар республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Жания Естайқызы мен Дамир Сапарбаев өз өнерлерін ортаға салу арқылы қобыз аспабының құдіретін одан сайын асқақтата түсті.

Шеберлік сынып соңында педагогтер алған әсерлерімен бөлісіп, оқушылар аспапқа қатысты сұрақтар қою арқылы өз білімдерін жетілдірді.