Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Балбұлақ шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық “Абай оқулары” байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Ахметжан Оразалы қатысып бас жүлдеге ие болды.  Жетекшісі: Рахимов Таушанбай. Құттықтаймыз!

    Мектебімізде 16 желтоқсан Тәуелсіздік құрбандарын еске алу күніне орай “Тәуелсіздік-тұғырым” тақырыбында желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті. Кештің басты мақсаты — Тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгенін, Желтоқсан оқиғасы қалай болғанын жас буынға түсіндіру. Мектеп директоры Гүлмира Жангелді сөз алып, шараның шымылдығын ашып, желтоқсан оқиғасының мән-маңызы туралы қысқаша тоқталып өтті. Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, құрмет көрсетілді.

    Арменияның Ереван қаласында өткен «Golden Voices-2023» халықаралық жас таланттар байқауында Астана қаласының 2 өнер мектебінің оқушысы Айғаным Амантай «Super Grand Prix» бас жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз! Байқауға Армения, Польша, Италия, Латвия, Литва, Болгария, Грузия елдерінен жас әншілер қатысты.  «Golden Voices-2023» халықаралық жас таланттар байқауының қазылар алқасында отырған Италиядан «Сан-Ремо» байқауының төрағасы конкурстан соң жеңімпазды «Сан-Ремоға» шақырды. Дарынды шәкіртіміз, келесі жылы Қазақстанның атынан Италияда өнер көрсететіні біз үшін үлкен мақтаныш!  Айта кетерлігі, биыл бір жыл ішінде  Амантай Айғаным қызымыз Бишкекте өткен Халықаралық байқаудан Гран-при, Болгариядан 1 орын, Халықаралық дельфий ойындарынан күміс жүлде және міне Ереванда супер

    Мектебіміздің Эстрадалық вокал және дәстүрлі ән сыныбы оқушылары арасында  «Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым,  Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым» тақырыбы аясында мектепішілік «Сайра бұлбұл» ән байқауы өтті. Байқау мақсаты: музыкалық  мәдениеттің негізін, вокалдық өнерді дамыту, жас музыканттарды отандық және әлемдік музыкалық мәдениеті арқылы шығармашылықтарын дамытып, музыкалық-эстетикалық және патриоттық тәрбиесін жетілдіру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

    Оқушыларымыз «Өнер алаңы» Республикалық байқауына қатысып томендегі орындарга ие болды. «Өркен» домбырашылар квартеті - супер Бас Жүлде алды. Қожахмет Исламбек - супер Бас Жүлде алды. Смагулов Эмир - Бас Жүлде алды.  Құттықтаймыз!

    2023 жылдың 07 желтоқсан күні қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының «Академиялық ұтқырлық» аясындағы «Озық тәжірибе-ортақ қадам» атты аймақтық семинар-практикумында №2 өнер мектебінің педагогтері  Жакешева З., Нахаева Ж.Б. республикалық деңгейде  өздерінің шеберлік сыныптарын көрсетті.  Шеберлік сыныптардың басты мақсаты – жас ұрпақты тәрбиелеудегі тамаша жетістіктерімізбен, озық әдістемемізбен, педагогикалық шеберлігімізбен әріптестер арасында бөлісу, ортақ ашық алаң құру. Аталған іс-шарада  дәстүрлі ән пәнінің педагогі Жакешева З «Дәстүрлі ән өнерінің әртүрлі жанрда орындалу ерекшеліктері» тақырыбында және домбыра пәнінің педагогі Нахаева Ж.Б. «Ақан серінің «Ләйлім» шығармасы негізінде вариациамен жұмыс» атты шеберлік сыныптарын көрсетіп, тыңдаушылардың көңілінен шыға білді. Жас

    2023 жылдың 07 желтоқсан күні қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының «Академиялық ұтқырлық» аясындағы «Озық тәжірибе-ортақ қадам» атты аймақтық семинар-практикумы Астана қаласы бойынша барлық қосымша білім беру мекемелерінде бір мезетте болып өтті.  Бұл іс-шараға мұрындық болған Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінің ұжымына алғысымыз шексіз. Аталған іс-шараға Семей, Өскемен, Қарағанды, Екібастұз қалаларының педагогтері мен оқушылары қатысты.  Бағдарлама аясында  №2 өнер мектебінде республикамыздың  бірнеше аймақтарынан келген театр саңлақтары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті, ойларын ортаға салды. Әсіресе Қарағанды қаласынан келген өнер шеберлері оқушыларымен бірге түрлі тренингтер көрсетті, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Педагогикалық тәжірибемен бөлісу мақсатында өткізілген осындай шеберлік

    Астана қаласы әкімдігінің 06.12.2023ж номер:107-2630 қаулысы Астана қаласы әкімдігінің 06.12.2023ж номер:107-2630 қаулысыСкачать Қызметтер бағаларына өзгерістер енгізу туралы ішкі бұйрық Қызметтер бағаларына өзгерістер енгізу туралы ішкі бұйрықСкачать

    Астана  қаласы  Білім басқармасы  № 1 балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен  V  республикалық «Шырқа дауысым» дәстүрлі ән байқауы өтті. Мақсаты: Ұлтымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі ән мәдениетін насихаттау, жас өнерпаздарды отан сүйгіштікке,  өнерге баулу, ұлттық дәстүрге қызығушылығын арттыру.  Байқауға мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының оқушылары қатысып,төмендегі орындарға ие болды. 2 орын -Мейірбекұлы Нұрасыл 2 орын-Бахтияр Естияр 3 орын - Базарбек Асылжан  Қатысқан үшін Әбдувахиб Кәусар мен Амантай Асиана марапатталды.  Жетекшілері:А.Қожамуратов, Гүлімай Қазкенова, Н.Мейрхан Құттықтаймыз!

    Ашық Республикалық «Өркен» балалар бейнелеу өнері шығармашылығы байқауының «Этникалық мотивтер» «көркем сурет» номинациясы бойынша мектебіміздің оқушысы 13-15 жас аралығы) Абдуманапова Мөлдір I орынға ие болды. Жетекшісі: Мамутова А. Құттықтаймыз!