Top
a

Ұстаздарымыз аймақтық семинар-практикумДа шеберлік сыныптарын көрсетті

2023 жылдың 07 желтоқсан күні қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының «Академиялық ұтқырлық» аясындағы «Озық тәжірибе-ортақ қадам» атты аймақтық семинар-практикумында №2 өнер мектебінің педагогтері  Жакешева З., Нахаева Ж.Б. республикалық деңгейде  өздерінің шеберлік сыныптарын көрсетті. 

Шеберлік сыныптардың басты мақсаты – жас ұрпақты тәрбиелеудегі тамаша жетістіктерімізбен, озық әдістемемізбен, педагогикалық шеберлігімізбен әріптестер арасында бөлісу, ортақ ашық алаң құру.

Аталған іс-шарада  дәстүрлі ән пәнінің педагогі Жакешева З «Дәстүрлі ән өнерінің әртүрлі жанрда орындалу ерекшеліктері» тақырыбында және домбыра пәнінің педагогі Нахаева Ж.Б. «Ақан серінің «Ләйлім» шығармасы негізінде вариациамен жұмыс» атты шеберлік сыныптарын көрсетіп, тыңдаушылардың көңілінен шыға білді. Жас өркендерді тәрбиелеу, өнер арқылы ұлттық болмысымызды бойына сіңіруде осындай семинарлардың берері көп-ақ.