Top
a

Оқушыларымыз «Шырқа дауысым» дәстүрлі ән байқауына қатысты

Астана  қаласы  Білім басқармасы  № 1 балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен  V  республикалық «Шырқа дауысым» дәстүрлі ән байқауы өтті.

Мақсаты: Ұлтымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі ән мәдениетін насихаттау, жас өнерпаздарды отан сүйгіштікке,  өнерге баулу, ұлттық дәстүрге қызығушылығын арттыру. 

Байқауға мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының оқушылары қатысып,төмендегі орындарға ие болды.

2 орын -Мейірбекұлы Нұрасыл

2 орын-Бахтияр Естияр

3 орын — Базарбек Асылжан 

Қатысқан үшін Әбдувахиб Кәусар мен Амантай Асиана марапатталды. 

Жетекшілері:А.Қожамуратов, Гүлімай Қазкенова, Н.Мейрхан

Құттықтаймыз!