Top
a

«Golden Voices-2023» халықаралық жас таланттар байқауы:Бас жүлде

Арменияның Ереван қаласында өткен «Golden Voices-2023» халықаралық жас таланттар байқауында Астана қаласының 2 өнер мектебінің оқушысы Айғаным Амантай «Super Grand Prix» бас жүлдеге ие болды.

Құттықтаймыз!

Байқауға Армения, Польша, Италия, Латвия, Литва, Болгария, Грузия елдерінен жас әншілер қатысты. 

«Golden Voices-2023» халықаралық жас таланттар байқауының қазылар алқасында отырған Италиядан «Сан-Ремо» байқауының төрағасы конкурстан соң жеңімпазды «Сан-Ремоға» шақырды. Дарынды шәкіртіміз, келесі жылы Қазақстанның атынан Италияда өнер көрсететіні біз үшін үлкен мақтаныш! 

Айта кетерлігі, биыл бір жыл ішінде  Амантай Айғаным қызымыз Бишкекте өткен Халықаралық байқаудан Гран-при, Болгариядан 1 орын, Халықаралық дельфий ойындарынан күміс жүлде және міне Ереванда супер Гран-при жеңіп алды! 

Кішкентай бала болса да Қазақстан деп соққа кішкентай жүрегі жер асып, ел намысын абыроймен қорғап жүрген нағыз еліміздің патриоты! Жарайсың Айғаным! Мақтан тұтамыз!