Top
a

«Озық тәжірибе-ортақ қадам» атты аймақтық семинар-практикумы өтті

2023 жылдың 07 желтоқсан күні қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының «Академиялық ұтқырлық» аясындағы «Озық тәжірибе-ортақ қадам» атты аймақтық семинар-практикумы Астана қаласы бойынша барлық қосымша білім беру мекемелерінде бір мезетте болып өтті. 

Бұл іс-шараға мұрындық болған Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінің ұжымына алғысымыз шексіз.

Аталған іс-шараға Семей, Өскемен, Қарағанды, Екібастұз қалаларының педагогтері мен оқушылары қатысты. 

Бағдарлама аясында  №2 өнер мектебінде республикамыздың  бірнеше аймақтарынан келген театр саңлақтары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті, ойларын ортаға салды. Әсіресе Қарағанды қаласынан келген өнер шеберлері оқушыларымен бірге түрлі тренингтер көрсетті, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Педагогикалық тәжірибемен бөлісу мақсатында өткізілген осындай шеберлік сабақтардың өскелең ұрпақ, жас орындаушыларға берері мол деп білеміз.