«Жүректен жүрекке» іс-шарасы өтті
https://youtu.be/D6VpsNocdFw Арт-Тұмар орталығында "Жүректен жүрекке " атты іс-шара 65мл инклюзия оқушыларымен өтті. Мақсаты: адамдарды құрметтеу, басқалармен бейбіт қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту. Міндеттері: - «Мейірімділік», «шынайылық», «қайырымдылық» ұғымдарын кеңейту, сүйіспеншіліктің өмірде ашылуына, көрінуіне ықпал ету. - Кешірімділік, жанашырлық, адамдарға риясыз қызмет ету дағдыларын дамыту. - Бір-біріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Жас суретшілеріміз марапатталды
Оқушыларымыз Республикалық «Любимые сердцу женщины» балалар суреті байқауына қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды: Жақсылық Іңкәр Ғайнулла Ақбике Тұрсынбекова Ғазиза Атымтай Даниал Ахметжан Айгерім Мухаметова Ляйсан Қайырбек Айсана Жетекшісі: Райхан Алимгазина Құттықтаймыз! «Любимые сердцу женщины» республикалық балалар суреті байқауы асыл аналарға арналды. Байқаудың басты мақсаты - шығармашылық пен шабыт арқылы асыл жандарға құрмет көрсету.
Балаларға хор ұжымымен жұмыстың инновациялық әдістері мен формалары
«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен өтетін қосымша білім беру педагогтерінің білімін жетілдіру курстарында спикер болу, дәріс оқу сияқты іс-шаралар мектебімізде дәстүрге айналған. Жақында өткен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Балаларға хор ұжымымен жұмыстың инновациялық әдістері мен формалары»біліктілікті арттыру курсында мектеп директоры Жангелді Гүлмира дәріс оқыды. Ол өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, хор мәдениетін меңгертуде оқушылармен қарым-қатынас жасаудың жолдары, оларды оқытуда кездесетін қиыншылықтар туралы өз ойын ортаға салды және шеберлік сыныбын өткізді.
«Сырлы саз» ансамблі Өнер көрсетті
Есіл ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен «Астана-Бәйтерек» монументінде өткен Отбасы күні күніне арналған мерекелік іс-шараға мектебіміздің "Сырлы саз" ансамблі қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
«Қазақтың 100 әні» бірінші орын
“Қазақтың 100 әні” ІII Республикалық байқауында “Қазағым жаса, мәңгілік!” атты эстрадалық вокал номинациясында үздік өнер көрсеткені үшін «Айналайын» хоры I орын иеленді. Құттықтаймыз! Жетекшісі: Гүлмира Жангелді
Бала шабыт: гран-при
Оқушыларымыз Халықаралық «Бала шабыт» байқауына қатысып, төмендегі орындарға ие болды: Рерих Әлім Гран при Мүтәлі Маржан 1 орын Қасымханова Дильназ 1 орын Еркобай Рахымжан 2 орын Жетекшісі: Берік Ишанкулов Құттықтаймыз!
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні
Еліміздің ер азаматтарын 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
«Жеңіс туы желбіре» атты тәрбие сағаты өтті
Бүгін мектебімізде "Жеңіс туы желбіре" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік беру. Балалардың патриоттық сезімін ояту. Инклюзия тобының оқушылары театрландырылған көрініс көрсетіп, музыка бөлімінің оқушылары әннен шашып, күй тартып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Жауапты мұғалімдер: Р.Жумабаев, Қ.Егдір, Ж.Тәңірбергенов, А.Жеңіс
Бір аспанның астында: «Еркеназ» ансамблі марапатталды
«Бір аспанның астында-Под небом одним» атты «Жас Dostar» III Республикалық өнер фестивалінде оқушыларымыз төмендегі орындарды иеленді: «Еркеназ» ансамблі - 2 орын (Ұйғыр биі) «Еркеназ» ансамблі - 2 орын («Балбөбек» қазақ биі) Жетекшісі: Аружан Нурмашева Құттықтаймыз!
Оқушыларымыз «Көркем сөз» номинациясынан бірінші орындарды иеленді
«Бір аспанның астында-Под небом одним» атты «Жас Dostar» III Республикалық өнер фестивалінде оқушыларымыз төмендегі орындарды иеленді: Серік Ару - 1 орын (Көркем сөз (соло) ) Еділ Айсәуле - 1 орын (Көркем сөз (соло) ) Жумаәлиева Сымбат - 1 орын (Көркем сөз (соло) ) Тулеубекова Дариға, Көшербай Бибісақи - 1 орын (Көркем сөз (дуэт) ) Жетекшісі: Аяулым Қуанышева Құттықтаймыз!