Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Бүгін №2 Өнер мектебінің «Art-Tumar» сәндік-қолданбалы өнер орталығында қала күні мерекесіне арналған «Ғажайып қалам - Нұр-Сұлтан» атты мерекелік іс-шара өтті. Орталық оқушылары ән айтып, би билеп, күйден шашу шашып, көрермендердің қошеметіне ие болды. Қала күні мерекесі құтты болсын! Елодамыз гүлдене берсін!!!

    Бүгін мектебіміздің өнерлі оқушылары «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай өткен қалалық концертке қатысып, қала қонақтарына, қалың көрермендер алдында өз өнерлерін көрсетті. Іс-шарада әуезді әндер айтылып, күйден шашу шашылды. Жетекшілер: Н.Айжарыков, Т.Каскенева, З.Жакешов. Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты болсын!!!

    Бүгін Елорда күні қарсаңында «Белсенді өмір сүру» орталығының ата-әжелері және №2 Өнер мектебінің өнерлі оқушыларымен біріккен концерт болды. Қала тұрғындары мен қонақтары тамашалаған кеш жоғары деңгейде өтті. Мереке құтты болсын!

    Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында қала күніне арналған іс шараға мектебіміздің оқушылары ата-әжелерімізбен бірге өнер көрсетті. Көрмеге оқушыларымыздың жұмыстары қойылып, көрермендердің назарына ұсынылды. Мереке құтты болсын!

    Бүгін мектебіміздің «Айналайын» балалар хоры мектеп директоры, жетекшісі Гульмира Жангельдымен QAZAQSTAN ұлттық арнасының Таңшолпан бағдарламасында сұқбат беріп, қонақ болды. Өнерлі балалар бағдарламада өнерлерін көрсетіп, баршаға сәтті күн мен көтеріңкі көңіл күй тіледі.

    Мектебіміздің белсенді оқушылары мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығындағы ата- әжелерімен қала күніне орай өтетін іс-шараға қызу дайындықта.

    Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Astana stars» халықаралық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. І орын - Амангелді Ернар; Дипломант - Берик Нурсултан. Жетекші: Балдикова Жанар. Шын жүректен құттықтаймыз!!!

    Елордалық Астана ақшамы газетіне «Өнер ордасындағы жазғы мектеп» тақырыбында Айзажа Жайыққызының біздің мектеп жайында жазған мақаласы шықты.

    11 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық көпжанрлы балалар, жасөпірімдер мен жастар өнер фестивалі байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Махамбет Шыңғыс жүлделі 2 орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жетекші: Б.Ишанкулов.

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, жемқорлықтың алдын-алу шараларын тиімді жүргізу арқылы ғана біз оны жақын аралықта барынша азайтуға, кейіннен түпкілікті жоюға қол жеткізе аламыз. Сыбайлас жемқорлықты бәріміз бірлескенде ғана жоя аламыз!