Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Бүгін «SOS» балалар қалашығында мектебіміздің оқушылары «Жүректен жүрекке»  қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мұғалімдер қолөнер және суреттен шеберлік сыныптарын өткізіп, өнерлі оқушыларымыз әннен шашу шашып, би билеп, балалармен түрлі ойындар ойнатылды.

    1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  Астаналық саябақта қалалық «БАЛАПАН ӘЛЕМІ» атты іс-шара өтті. №2 өнер мектебінің «Көркемсурет» бөлімінің оқушылары мен ұстаздары іс- шараға белсене қатысып, кесте тігіп, асфальтка сурет салып,«Қуыршақтар әлемі» көрмесін ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға белсене қатысқан балалар дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Іс-шараға БАҚ өкілдері де қатысып, Балапан телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

    1 маусым - Халықаралық  балаларды қорғау күні қарсаңында Нұр - Сұлтан қалалық «Кел, боямақ бояйық!»  іс-шарасына мектебіміздің домбыра сыныбы оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. Касымханова Дильназ; Махамбет Шыңғыс;  Адилханов Нурали. Жетекші: Ишанкулов Берик Кошанбаевич Мектептің вокал сыныбының оқушылары Жанат Амина, Амангелді Ернар және жетекші Ажар Жарденбекқызы қатысып, өз өнерлерін көрсетіп,  алғыс хаттармен марапатталды.

    16-17 мамыры Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық «Менің таңғажайып әлемім» байқауына  мектебіміздің «Киімді көркемдеп үлгілеу» сыныбының оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. І орын- Балыкова Арунай; ІІІ орын-Көшкенбай Аида. Жетекші: Алимсаева Роза. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

    Бүгін  мектебімізде  2021-2022 оқу жылы қорытындыланып, соңғы қоңырау кеші өтті. Салтанатты кеште мектеп директоры Гүлмира Жангелдіқызы оқу жылының аяқталғанымен құттықтап, мектепті үздік аяқтаған және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағазы және алғыс хаттармен марапаттады. ------- ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР, ТҮЛЕКТЕР, АТА-АНАЛАР!!! Баршаңызды жаңалықтар мен ізденістерге толы кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! Көңіл толқытар сәттерге толы демалыс тілейміз! Келесі оқу жылында жаңа күш-жігермен алтын ұя мектепке оралыңыздар!

    Мамырдың 21 күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен “Жұлдыз болғың келсе” атты республикалық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлде -«Назқоңыр»  қобызшылар ансамблі Жетекшісі: Ж.Кумисбекова.

    Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Жұлдыз болғың келсе»  республикалық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. І орын-Асылбек Жоламан; І орын-Октябрь Жібек; І орын- Қуанышева Асы. Жетекшілері: Ж.Кумисбекова, З.Жакешова. Шын жүректен құттықтаймыз!

    Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық «Ғажайып қарлығаштар» аттыбалалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында мектебіміздің оқушысы Амангелді Ернар қатысып,  бас жүлдеге ие болды. Жетекші: Ажар Жарденбекқызы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Бүгін, яғни 21 мамырда жылдағы дәстүр бойынша Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор. Отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамыз! Құрметті өнер ардагерлері мен қайраткерлері, шығармашылық одақ өкілдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сарқылмайтын шабыт пен өнер жолында жаңа табыстар тілейміз!