Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Балалар жылы аясында іс-шараларды жүзеге асыру бойынша Астана қаласының Білім басқармасы «Астана дарыны» және №1 Балалар музыка мектебімен бірге  «Дара бала – 2022» қалалық форум-фестивалін ұйымдастырды. Форумның мақсаты – шығармашыл әрі интеллектуалды дарынды балаларды қолдау, елордалық жас таланттардың шығармашылық, ғылыми, әлеуметтік әлеуетін көрсету. Іс-шарада Астана қаласының Білім басқармасы басшысы Қ. Сенғазыевтың алғыс хатымен мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Елікай Саменбек және эстрадалық-вокал сыныбының оқушысы Ерсұлтан Омар  марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!

    Бүгін Астана қалалық Білім басқармасы және №2 Өнер мектебінің ұйымдастыруымен қалалық «Жас дизайнер» байқауы өтті.Байқаудың негізгі мақсаты: сән өнерінің дамуына шығармашылық үлес қоса алатын жас таланттарды табу, қолдау көрсету, ұлттық киімдерді дәріптеп, насихаттау. Қала мектептерінен барлығы 25 оқушы қатысып, қолдан жасаған жұмыстарын сахнада көрсетіп таныстырды. Әділқазылар алқаларының қорытындысымен жеңімпаздарға жүлделі орындар беріліп, арнайы дипломдармен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!

    Павлодар қаласындағы Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияда өткен Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің 15 жылдығына арналған мерекелік  «Күй & Джаз»  концертіне мектебіміздің мұғалімі Рүстем Жумабаев қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!

    19 қараша күні Астана қалалық №1 Балалар музыка мектебінде өткен ІІІ қалалық «New voice» эстрадалық ән байқауына мектебіміздің эстрадалық вокал сыныбының оқушылары  қатысып, төмендегі орындарға ие болды. ІІ орын - Жайлыбай Айзере ІІ орын - Нұрсейт Ділназ. Жетекшісі: Р. Оразбаева  Шын жүректен құттықтаймыз!!!

    Бүгін Астана қалалық «Балалар көркемсурет мектебі» және ҚР Бірінші Президенті-Елбасы кітапханасы, ҚР Педагог-суретшілер одағының ұйымдастыруымен өткен «ЭКОмода» қалалық байқауының марапаттау рәсімінде  республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары «Назқоңыр» қобызшылар ансамблі өз өнерлерін көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Жетекші: Ж. Күмісбекова

    Бүгін мектебімізде «Имандылық жарасады ұл-қызға» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатына театр, сурет, музыка бөлімінің оқушылары қатысты. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, парасаттылыққа, тәрбиелеу. Оқушыларға «имандылық» сөзінің мән-мағынасын түсіндіру. Сабақ барысында оқушыларға тренингтер ұйымдастырылып, музыка бөлімінің оқушылары ән-күй айтып, театр бөлімі оқушылары қойылым көрсетті. Ұйымдастырушылар: Қ. Жәйірбек, Ж.Тәңірберген, Б. Ишанкулов.

    Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының  Балалар жылы аясында ұйымдастырған  «Балғын балалық бояулары» атты республикалық балалар бейнелеу өнері және сәндік-қолөнері көрме байқауында мектебіміздің сурет бөлімінің  оқушысы Дана Қадырова  қатысып, ІІІ-орынға ие болды. Жетекшісі: Р.Қуанов. Шын жүректен құттықтаймыз!

    Бүгін Театр бөлімінің 3 - 4 сынып оқушылары үшін «Ғ.Мүсіреповтың туғанына 120 жыл. М.Әуезовтың туғанына 125 жыл» сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ғабит Мүсірепов және М. Әуезов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру. Оқушылар «Болашаққа Абай жолымен» композициясын көрсетәп, Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» шығармасынан үзінділер оқыды. Ұйымдастырушылар: Ұ. Асанова, А.Куанышева.

    2022 жылы 8 қарашада Астана қалалық № 2 Өнер мектебінің жанынан ашылған «Art TUMAR» сәндік–қолданбалы өнер орталығында Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ «Көркем қыш» өнері бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді. Ата- апаларымыз өз қолдарымен қыш құмыраларын жасап, қызығушылықтарын білдірді.

    Бүгін  «Көркемөнер және киімді көркемдеп үлгілеу» бөлімінің педагогі Р. Алимгазина «Дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолдану» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныптың мақсаты: Педагогтің біліктілікті арттыру курсынан алған тәжірибесімен бөлісуі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушымен жұмыс істеуде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану. Шеберлік сағатында Р. Алимгазина өз тәжірибесімен бөлісіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен қарым-қатынас жасау, оларды оқытудағы кездесетін қиыншылықтар туралы өз ойын ортаға салды.