Top
a

Июнь 2022

Мектебіміздің белсенді оқушылары мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығындағы ата- әжелерімен қала күніне орай өтетін іс-шараға қызу дайындықта.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Astana stars» халықаралық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. І орын - Амангелді Ернар; Дипломант - Берик Нурсултан. Жетекші: Балдикова Жанар. Шын жүректен құттықтаймыз!!!

Елордалық Астана ақшамы газетіне «Өнер ордасындағы жазғы мектеп» тақырыбында Айзажа Жайыққызының біздің мектеп жайында жазған мақаласы шықты.

11 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық көпжанрлы балалар, жасөпірімдер мен жастар өнер фестивалі байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Махамбет Шыңғыс жүлделі 2 орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жетекші: Б.Ишанкулов.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, жемқорлықтың алдын-алу шараларын тиімді жүргізу арқылы ғана біз оны жақын аралықта барынша азайтуға, кейіннен түпкілікті жоюға қол жеткізе аламыз. Сыбайлас жемқорлықты бәріміз бірлескенде ғана жоя аламыз!

Бүгін «SOS» балалар қалашығында мектебіміздің оқушылары «Жүректен жүрекке»  қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мұғалімдер қолөнер және суреттен шеберлік сыныптарын өткізіп, өнерлі оқушыларымыз әннен шашу шашып, би билеп, балалармен түрлі ойындар ойнатылды.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  Астаналық саябақта қалалық «БАЛАПАН ӘЛЕМІ» атты іс-шара өтті. №2 өнер мектебінің «Көркемсурет» бөлімінің оқушылары мен ұстаздары іс- шараға белсене қатысып, кесте тігіп, асфальтка сурет салып,«Қуыршақтар әлемі» көрмесін ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға белсене қатысқан балалар дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Іс-шараға БАҚ өкілдері де қатысып, Балапан телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Астаналық саябақта «БАЛАПАНДАР ӘЛЕМІ» атты іс-шара өтті. Мектебіміздің «Көркемсурет» бөлімінің оқушылары , ұстаздары қатысты. «Қуыршақтар әлемі» көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара Балапан телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.