Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Жұлдыз болғың келсе»  республикалық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. І орын-Асылбек Жоламан; І орын-Октябрь Жібек; І орын- Қуанышева Асы. Жетекшілері: Ж.Кумисбекова, З.Жакешова. Шын жүректен құттықтаймыз!

    Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық «Ғажайып қарлығаштар» аттыбалалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында мектебіміздің оқушысы Амангелді Ернар қатысып,  бас жүлдеге ие болды. Жетекші: Ажар Жарденбекқызы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Бүгін, яғни 21 мамырда жылдағы дәстүр бойынша Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор. Отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамыз! Құрметті өнер ардагерлері мен қайраткерлері, шығармашылық одақ өкілдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сарқылмайтын шабыт пен өнер жолында жаңа табыстар тілейміз!

    Ағымдағы жылдың 5 маусымы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумды түсіндіру мақсатында, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дана Нұржігіт мектебімізде болып, мектеп ұжымыменн кездесті. Кездесуде реформа жан-жақты талқыланып, мектеп ұжымы бірауыздан жалпыреспубликалық реформаны қолдайтындықтарын жеткізді.

    Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы мен №2  Өнер мектебінің ұйымдастыруымен, «Арт-Тұмар» сәндік қолданбалы өнер орталығында    қалалық «Қуыршақтар әлемі»  байқауы өтті. Байқауға Нұр-Сұлтан қаласынан - 90 мектеп қатысып, 280 оқушылардың жұмыстары қаралды. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары келесі жүлделі       орындарға  ие болды: «Қазақ ертегілері мен мультфильмдерінің кейіпкерлері» номинациясы бойынша, Кіші топ: Бас жүлде – № 27 мл, Досжанова Зарема, жетекшісі: Дружок А. І орын – № 74 мг, Талғатқызы Әдия, жетекшісі: Кукенова К. ІІ орын – «№47 балабақша бастауыш мектеп гимназия», Лукьянчинкова Полина, Лукьянчинкова Валерия, жетекшісі: Казбекова Н. ІІ орын -№28

    11 наурыз күні “Арт-Тұмар” сәндік қолданбалы өнер орталығында қалалық «Қуыршақтар әлемі» байқауы өтті. Байқауға қаламыздың 90 мектебі қатысып, 280 оқушының жұмыстары қаралды. Қазылар алқасында ҚҰӨУ аға оқытушысы, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі - Самарканова Фарида Самигуллиевна, ҚҰӨУ аға оқытушысы - Серікбаева Перизат Шотыбайқызы, №2 Өнер мектебінің директоры - Гүлмира Жангелдіқызы барлық жұмыстарды қарап, өз бағаларын берді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

    Бүгін мектебімізде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай «Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат»  тақырынба тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты оқушылардың атамекен, туған жерді қорғай білу, отансүйгіштік сезімдерін ояту, патриотизмді қалыптастыруға арналды. Іс-шарада театр бөлімінің оқушылары театрландырылған қойылым қойып, музыка бөлімі оқушылары  ән-күйлерін арнап, өз өнерлерін көрсетті. Өткізген: М.Тастенова, Ж. Тәңірберген,А. Жарденбекқызы.

    Нұр - Сұлтан қаласында өткен «Дала әуендері»  республикалық байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. І орын- Алатау домбырашылар ансамблі; Жеке орындауда: Бас жүлде- Темірхан Дінмухаммед І орын- Мейрамғазы Мансұр І орын- Нұркелді Рамазан І орын -Әбілбек Бейбарыс ІІІ орын- Есенғали Иманғали ІІІ орын - Асхатқызы Айару  Жетекші: Ж. Ахметова. Құттықтаймыз!!!

    Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық байқауға мектебіміздің домбыра сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. І орын- Касымханова Дильназ; І орын-Хаймулдина Альнура; І орын-Кеңес Мадияр; І орын-Темірхан Әлім; ІІІ орын-Махамбет Шыңғыс. Жетекші: Б.Ишанкулов. Құттықтаймыз!