Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Бүгін  «Көркемөнер және киімді көркемдеп үлгілеу» бөлімінің педагогі Р. Алимгазина «Дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолдану» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныптың мақсаты: Педагогтің біліктілікті арттыру курсынан алған тәжірибесімен бөлісуі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушымен жұмыс істеуде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану. Шеберлік сағатында Р. Алимгазина өз тәжірибесімен бөлісіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен қарым-қатынас жасау, оларды оқытудағы кездесетін қиыншылықтар туралы өз ойын ортаға салды.

    Бүгін №2 Өнер мектебінде күзгі каникул  уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Театр»  сыныбының 4 сынып оқушылары Актерлік шеберлік пәнінен «Тыңда» қойылымын көрсетті. Қойылымды театрдың 1 сынып оқушылары ерекше ықыласпен тамашалады. Пән мұғалімі Аяулым Қуанышева оқушылармен сахнадағы еркіндікті ашатын тренинг жаттығулармен жалғады.

    2022 жылғы қазанның 31-де Астана қалалық Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен «ITALIAN GRAND FESTIVAL» ІІ халықаралық байқауына Астана қалалық әкімдігінің №2 Өнер мектебінің театр бөлімінің оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. Бас жүлде - «Ғажайып балалар» театр ұжымы. Жетекшісі: Г. Қайрбекова; 1 орын - «Шабыт»  театр ұжымы. Жетекшісі: Ұ. Асанова. ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Бүгін мектебімізде қашықтықтан халықаралық «Сыйқырлы бояулар әлемінде» байқауы өтті Байқаудың мақсаты: - бейнелеу өнері арқылы жастарға отансүйгіштік, толеранттылық және  эстетикалық тәрбие беру;                                                                                                                                            - жастарды өз отанының беделді бір мүшесі екендігін ұғындыру;                              - бейнелеу өнері арқылы  дарынды және талантты оқушыларды анықтау; Тақырып: «Балалардың фантазиялық әлемі». Қазіргі заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді сонымен бірге болашақта болатын ғылыми-техникалық жаңалықтарды болжап, балалар өз қиял әлемімен ұштастыра отырып қызықты көркем шығармашылық туындыларын ұсынды.

    Ағымдағы жылдың 23 қазанында  «САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ» концертінде мектебімізбің дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Елікай Саменбек  (жетекшісі З. Жакешева) қазақ өнерінің жұлдыздары - Арайлым Рахымқызы, Елмұра Жаңабергенова, Айгүл Қосановалармен бірге сахнаға шығып  өнерін көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Өнерің өрге жүзіп, биіктерден көріне бер, Елікай! Оқушыларымыздың үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік беріп, әрдайым қолдау көрсететін Қазақ өнерінің жарық жұлдызы Майра Ильясова апайымызға алғыс білдіреміз!!!

    Бүгін Астана қалалық №66 мектеп-лицейінің сахнасында қалалық «Асыл мұра» ұлттық өнер байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен 50 ден аса оқушы өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады. Жеңімпаздарды арнайы дипломдармен марапатталды. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

    Бүгін мектебімізде «Қаһарман әнші - Роза Бағланова» тақырыбында лекция-концерт өтті. Іс-шара Қазақстанның халық әншісі Роза Бағланованың  өмірбаяны мен  шығармашылығына арналды. Оқушылар Роза Бағланованың «Ақмаңдайлым», «Катюша», «Іңкәрім-ай», «Ақ сұңқарым» әндерін айтып, өмірінен үзінділер көрсетілді. Ұйымдастырушылар, Р. Оразбаева, Т. Каскенева

    Бүгін мектебімізде «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс- шараға қонақ болып Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ата-әжелер қауымы келіп, әндерін, күйлерін тартып, ақ баталарын берді. Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, ән-жырларын, билерін тарту етті.

    Бүгін  Назарбаев университетінде ТМД қатысушы мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII Съезі және халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі өтті. Фестивальге қосымша білім беру мектептерінің мұғалімдерінен құралған хор ұжымы және «Айналайын» балалар хоры өнер көрсетіп, Қ.Едресовтың сөзі мен әніне жазылған «Ұстаздардың ұстазы - Ыбырай ата!» әнін шырқады.

    Ағымдағы жылдың 5 қазанында Астана қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында мұғалімдер күніне орай «ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ - ҰСТАЗДАР»  мерекелік іс- шарасы өтті. Жиынға елордамыздағы барлық қосымша білім беру мекемелерінің мұғалімдерінен құралған хор ұжымы қатысып,«Ұстазым» әнін шырқады. Қала әкімі Алтай Күлгінов ұстаздар қауымын құттықтап, төс белгілермен, сертификаттармен марапаттады. Мереке құтты болсын, Ардақты ұстаздар!