Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • 2 мамыр күні Нұр - Сұлтан қаласында өткен Халықаралық «Бала шабыты» байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Смагулов Эмир қатысып, жүлделі І орын алды. Жетекші: Н.Айжарыков. Құттықтаймыз!

    2 мамыр күні Нұр - Сұлтан қаласында өткен Халықаралық «Бала шабыты» байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Смагулов Эмир қатысып, жүлделі І орын алды. Жетекші: Н.Айжарыков. Құттықтаймыз!

    1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, Нұр-Сұлтан қалалық Есіл аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен, тұрғындармен қонақтарға мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары мен ұстаздары өз өнерлерін көрсетті. Өзге ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, билері биленді.

    Бүгін мектебімізде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы қарсаңында  «Ынтымақ пен бірлік - жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні екендігі оқушыларға түсіндіріліп, ынтымаққа, достыққа, Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелеуге шақырылды. Оқушылар әр ұлттар тілінде әндер айтып, өлеңдер оқып, мереке туралы өз ойларын ортаға салды. Өткізген: Т.Каскенева, Р. Кашканова.

    Өнер мектебі ұйымдастыруымен өткен ІІІ қалалық Ғарифолла Құрманғалиев атындағы «Әнші дауысы»  дәстүрлі әншілер байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. ІІ орын -Темірхан Дінмұхаммед; Жетекші: М. Абдықадыр. ІІІ орын -Темірхан Олжас; Алғыс хат - Бейсенбаева Гүлназ; Нұркелдіұлы Рамазан. Жетекші: Мейрхан Нұржан. Құттықтаймыз!

    Алматы қаласында өткен «Көктем мерекесі»  халықаралық байқауына мектебіміздің фортепиано сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі жүлделі орындарға ие болды. І орын -Мукашева Дарига; І орын - Есиркепова Аделя; І орын- Бақберген Марғұлан І орын - Джакупов Амир. Жетекші: Касенова Эльнара Шамшудиновна. Құттықтаймыз!

    Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде  Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында мектебіміздің «БАЛА-БОЛАШАҚ» атты есеп беру концерті өтті. Концертте өнер жұлдыздарының сүйемелдеуімен оқушылар жанды дауыста ән айтып, би билеп, аспаптарда ойнап,  театрландырылған қойылым қойды. Балалардың өнерін тамашалаған лық толы залдағы ата-аналар мен көрермендер  алғысы өнерлі жастарымызға шабыт берді.

    21 сәуір - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты кеште мектебіміздің дарынды оқушылары, «Айналайын» балалар хорының әншілері - Ержан Максим мен Әйкерім Тілеубек өнерлерін көрсетті. 🇰🇿 Салтанатты кешке Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты.