Top
a

Октябрь 2022

Байқауға - 365 оқушы қатысты. 2022 жылдың 28 қазан күні сағат 10.00-де  қазылар алқасы жұмыстарды қарады. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары келесі жүлделі       орындарға  ие болды: Бас жүлде – Рысбекова Айдана, Битұрсынова Ә.Б. Кентау балалар көркемсурет мектебі, Түркістан обл Кентау; 9- 13 жас (орта топ) категориясы: І орын- Григораш Анастасия Владиславовна, жет: Рейн Светлана Евгеньевна, Павлодар  облысы сурет мектебі; І орын- Мирзалиев Рамазан Азаматович, жет: Тулеуов Қуат Қуанышович, №38  мектеп-лицейі ШЖҚ, Астана қаласы; ІІ орын- Оразбек Томирис, жет: Алимсаева Роза, №82 Дарын мектебі; ІІ орын- Нуралықызы Алуа, жет:Рысымбетов А, Кентау балалар көркемсурет мектебі, Түркістан облысы; ІІ орын

Бүгін мектебімізде қашықтықтан халықаралық «Сыйқырлы бояулар әлемінде» байқауы өтті Байқаудың мақсаты: - бейнелеу өнері арқылы жастарға отансүйгіштік, толеранттылық және  эстетикалық тәрбие беру;                                                                                                                                            - жастарды өз отанының беделді бір мүшесі екендігін ұғындыру;                              - бейнелеу өнері арқылы  дарынды және талантты оқушыларды анықтау; Тақырып: «Балалардың фантазиялық әлемі». Қазіргі заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді сонымен бірге болашақта болатын ғылыми-техникалық жаңалықтарды болжап, балалар өз қиял әлемімен ұштастыра отырып қызықты көркем шығармашылық туындыларын ұсынды.

Ағымдағы жылдың 23 қазанында  «САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ» концертінде мектебімізбің дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Елікай Саменбек  (жетекшісі З. Жакешева) қазақ өнерінің жұлдыздары - Арайлым Рахымқызы, Елмұра Жаңабергенова, Айгүл Қосановалармен бірге сахнаға шығып  өнерін көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Өнерің өрге жүзіп, биіктерден көріне бер, Елікай! Оқушыларымыздың үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік беріп, әрдайым қолдау көрсететін Қазақ өнерінің жарық жұлдызы Майра Ильясова апайымызға алғыс білдіреміз!!!

Бүгін Астана қалалық №66 мектеп-лицейінің сахнасында қалалық «Асыл мұра» ұлттық өнер байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен 50 ден аса оқушы өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады. Жеңімпаздарды арнайы дипломдармен марапатталды. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Іріктеу кезеңі Орны:  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 өнер мектебі» МКҚК Күні: 15 Қазан 2022ж Уақыты: 09.00-15.00 Негізгі байқау:  Орны: : №66 мектеп-лицейі, Д.Қонаев көшесі,31/1.  Күні: 21 Қазан 2022 ж. Уақыты: 09.00-17.00 Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы,  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 өнер мектебі» МКҚК Қатысушылар: Нұр-Сұлтан қаласы жалпы орта мектептерінің 1-11 сынып оқушылары Шақырылғандар: Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының өкілдері, мектеп директорлары мен тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері Мақсаты:         Ұлттық өнерді оқушылар арасында кеңінен насихаттау арқылы  жас өнерпаздардың бойында мәдениетімізді және өнерімізді сақтау, өнерге деген қызығушылығын арттыру; Міндеттері: Ұлттық өнер арқылы жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ету;Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу;Дарынды оқушыларды анықтап, қолдау

Бүгін мектебімізде «Қаһарман әнші - Роза Бағланова» тақырыбында лекция-концерт өтті. Іс-шара Қазақстанның халық әншісі Роза Бағланованың  өмірбаяны мен  шығармашылығына арналды. Оқушылар Роза Бағланованың «Ақмаңдайлым», «Катюша», «Іңкәрім-ай», «Ақ сұңқарым» әндерін айтып, өмірінен үзінділер көрсетілді. Ұйымдастырушылар, Р. Оразбаева, Т. Каскенева

Бүгін мектебімізде «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс- шараға қонақ болып Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ата-әжелер қауымы келіп, әндерін, күйлерін тартып, ақ баталарын берді. Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, ән-жырларын, билерін тарту етті.

Бүгін  Назарбаев университетінде ТМД қатысушы мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII Съезі және халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі өтті. Фестивальге қосымша білім беру мектептерінің мұғалімдерінен құралған хор ұжымы және «Айналайын» балалар хоры өнер көрсетіп, Қ.Едресовтың сөзі мен әніне жазылған «Ұстаздардың ұстазы - Ыбырай ата!» әнін шырқады.

Ағымдағы жылдың 5 қазанында Астана қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында мұғалімдер күніне орай «ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ - ҰСТАЗДАР»  мерекелік іс- шарасы өтті. Жиынға елордамыздағы барлық қосымша білім беру мекемелерінің мұғалімдерінен құралған хор ұжымы қатысып,«Ұстазым» әнін шырқады. Қала әкімі Алтай Күлгінов ұстаздар қауымын құттықтап, төс белгілермен, сертификаттармен марапаттады. Мереке құтты болсын, Ардақты ұстаздар!