Top
a

«Дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолдану» тақырыбында шеберлік сыныбын өтті

Бүгін  «Көркемөнер және киімді көркемдеп үлгілеу» бөлімінің педагогі Р. Алимгазина «Дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолдану» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Шеберлік сыныптың мақсаты: Педагогтің біліктілікті арттыру курсынан алған тәжірибесімен бөлісуі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушымен жұмыс істеуде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану.

Шеберлік сағатында Р. Алимгазина өз тәжірибесімен бөлісіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен қарым-қатынас жасау, оларды оқытудағы кездесетін қиыншылықтар туралы өз ойын ортаға салды.