Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Астана қаласы әкімдігінің №1 өнер мектебі өткізген II Республикалық “Қазақтың 100 әні” әншілер байқауында “Эстрадалық вокал” номинациясы бойынша 2-сынып оқушылары Райым Сұлу және Бекет Іңкәр қатысып 3 орын иеленді.  Жетекшісі: Кабулова Ғалия Құттықтаймыз!

    Оқушымыз Сабина Барсова «Туған жерім» атты Халықаралық балалар-жасөспірімдер сурет байқауына қатысып Бас жүлдені жеңіп алды. Жетекшісі: Р.Шарипов Құттықтаймыз! Жыл сайын байқауға Қазақстанның әр түкпірінен, сондай-ақ Ресейден, Татарстаннан, Башқұртстаннан, Өзбекстаннан, Украинадан, Әзірбайжаннан, Беларуссиядан және басқа елдерден жұмыстар жіберіледі. Мақсаты: балаларды өнерге баулу;балалардың жеке басының шығармашылық дамуы;көркем шығармашылыққа деген қызығушылықты ояту;балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті, халықтық дәстүрлерді құрметтеу.

    Жеңімпаздарды бағалы сыйлық күтеді! Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ағымдағы жылғы 2 мамырдан бастап 25 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізеді.  Оқушыларымызды акция шеңберінде өтетін байқауларға белсенді түрле қатысуға шақырамыз!  Байқау 3 бағытта өтеді:  1) 2023 жылғы 2 мамырдан бастап 10 мамыр кезеңінде балалар арасында өткізілетін «Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбында үздік сурет республикалық байқауы (10-14 жас кезеңінде балалар арасында); 2) 2023 жылғы 2 мамырдан бастап 10 мамыр кезеңінде «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ!» тақырыбында үздік қысқа бейнероликтердің республикалық байқауы (14 жастан бастап жастағы адамдар арасында және одан жоғары); 3) 2023 жылғы 2 мамырдан бастап 10 мамыр «Контрафакт» республикалық

    Бүгін Астана қаласынының Білім басқармасы және Әдістемелік орталығы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ұстаздар» саябағында  іс-шара өткізді.  Оған мектебіміздің «Көркемсурет» бөлімінің мұғалімдері: А.Бияжанова, Қ.Жәйірбек, Т.Жолдыбеков қатысып, оқушыларға шеберлік сыныптарын өткізіп, көрме жұмыстарын ұйымдастырды.

    Астана қаласындағы жекеменшік  «Флагман» физика-техникалық лицейінің оқушылары №2 өнер мектебіне саяхат жасады.  Оқушылар арасында қызығушылық танытқан басты себептер: ұлттық  аспаптарға деген сұраныс,өнер мектебінің тұрмыс-тіршілігімен танысу, өздері қатарлас оқушылардың бос уақытын қалай өткізетіндігін зерделеу.  Кездесу барысында оқушылар №2 өнер мектебінің директоры Гүлмира Жангелдіге және пән мұғалімдеріне сұрақтарын қойды, өнер мектебінің барлық бөлімдерімен танысып шықты.

    https://youtu.be/-g2NMLbdRak Abai tv телеарнасынан №2 Өнер мектебінің «Жаңа қадам –жаңа ұрпақ» атты 2022-2023 оқу жылының есеп беру концерті «Мәдени жаңалықтардан» көрсетілді. Айта кетерлігі, ақпарат кеңістігіне «Ақыл- ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv» телеарнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратады. Эфирдің 90 %-ы телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірілетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Хабарлардың жанрлар бойынша үлесі: Театр және кино-13%, музыка -11%, әдебиет - 8%, тарих -24%, мәдени-танымдық 44%.

    ІІІ Халықаралық "Arte Italiana" өнер байқауынан оқушымыз Қырмызы Мұратбек фортепиано (11-14 жас) бағыты бойынша ІІ дәрежелі  дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Карина Айтказина "Өркен" домбырашылар ансамблі - 1 орын Жеке орындауда: 1. Музатов Аян - 1 орын 2. Қожахмет Исламбек - 1 орын 3. Смагулов Эмир - 1 орын Жетекшісі: Нұрхан Айжарықов Құттықтаймыз!

    2023 жылдың 21 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің №2 өнер мектебі және Якутск қаласы, Саха (Якутия) республикасының өнер мектебінің арасында телекөпір-кездесу өтті. Бұл біздің тәжірибеміздегі халықаралық деңгейдегі алғашқы кездесу, сондықтан ол жемісті болады және болашақта өз жалғасын табады деп үміттенеміз.   Телекөпірдің мақсаты: оқушылардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы, Қазақстан-Сахаелдерімен, Астана-Якутск қалаларымен, Саха ұлттық аспаптары және фольклорымен танысу.  Бір жарым сағат ішінде директор Гүлмира Жангелдіқызының жетекшілігімен № 2 өнер мектебі педагогтарының ұжымы ұлттық аспаптың шексіз мүмкіндіктерін көрсете отырып, оқушылар арасында халық шығармашылығы мен фольклорды насихаттау туралы өз тәжірибесімен бөлісті, нәтижеге бағдарланған қосымша білім беру бағдарламаларымен танысты. Телекөпір барысында арнайы қонақтар шақырылды, яғни олар Қазақстанның мақтанышы Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Айтпаева Светлана Ермековна және  Қазақстанда тұратын саха өкілі Алматы қаласы  әл-Фараби атындағы Қазақ

    Оқушыларымыз «Bi dayysy» республикалық балалар шығармашылығы байқауына қатысып, өзіндік шеберлігі мен шығармашылық деңгейін көрсеткені үшін 14-17 жас аралығында «Көркем сөз» аталымы бойынша төмендегі орындарға ие болды: I орын - Сымбат Жумаалиева («Бұл менің әлемім»)  ІІ орын - Талшын Әбен («Қалжын»)  Жетекшісі: Аяулым Қуанышева Құттықтаймыз!