Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Бүгін мектебімізде түлектеріміздің куәлік тапсыру кеші өтті.  2022-2023 оқу жылында барлығы 105 түлек шықты Оның ішінде, музыка бөлімі, домбыра сыныбы – 12 музыка бөлімі, баян сыныбы – 1  музыка бөлімі, қобыз сыныбы – 3 музыка бөлімі, фортепиано сыныбы – 3 музыка бөлімі, эстрадалық вокал сыныбы – 12 музыка бөлімі, дәстүрлі ән сыныбы – 8 көркемөнер бөлімі, сурет сыныбы -29 көркемөнер бөлімі, киімді көркемдеп үлгілеу сыныбы -12 театр өнері бөлімі, театр сыныбы -25 32 түлегіміз қызыл куәлікпен үздік аяқтады Белсенді оқушылар және оқуды жақсы деген бағаға аяқтаған оқушыларды мақтау қағазы және алғыс хаттармен мектеп директоры Гүлмира Жангелдіқызы марапаттады.

    3-4 маусым күндері Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Орталық алаңда 2 өнер мектебінің оқушылары “ Тәуелсіз елдің ұланымыз”, “Бақытты балалық шақ” атты концерттерін берді.  Іс-шараны Астана тұрғындары мен қонақтары, кішкентай бүлдіршіндер тамашалады.

    https://youtu.be/lXETVdj5cbc Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

    «1 маусым – Балалар күні» мерекесіне орай өткен  «Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі» атты концертте Астана қаласы Әкімдігінің №2 Өнер мектебінің жас өнерпаздары мен радио қызметкерлері өнер көрсетіп, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері балаларға қуаныш сыйлады.  https://youtu.be/HTZcjfTDS88

    «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы және Есіл ауданының әкімдігінің қолдауымен 2023 жылдың 1 маусым күні сағат 12:00-де «Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі» атты концерттік шара өтеді.  «1 маусым – Балалар күні» мерекесіне орай өтетін концертте Астана қаласы Әкімдігінің №2 Өнер мектебінің жас өнерпаздары мен радио қызметкерлері өнер көрсетіп, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері балаларға қуаныш сыйлайды.  Келіңіздер, көріңіздер!

    Бүгін 1 жыл бойы қала, республика, халықаралық байқаулар мен іс-шараларда өз өнерін көрсетіп, жеңімпаз атанып, мектебіміздің мерейін асқақтатып жүрген, сонымен бірге қазіргі заманғы білім көшінен қалмай негізгі мектеппен қоса өнер мектебінде үздік оқыған оқушыларға және барлық бөлімнің оқушыларына арналған марапаттау рәсімі өтті.

    https://youtu.be/D6VpsNocdFw Арт-Тұмар орталығында "Жүректен жүрекке " атты іс-шара 65мл инклюзия оқушыларымен өтті. Мақсаты: адамдарды құрметтеу, басқалармен бейбіт қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту. Міндеттері:  - «Мейірімділік», «шынайылық», «қайырымдылық» ұғымдарын кеңейту, сүйіспеншіліктің өмірде ашылуына, көрінуіне ықпал ету. - Кешірімділік, жанашырлық, адамдарға риясыз қызмет ету дағдыларын дамыту. - Бір-біріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

    Оқушыларымыз Республикалық «Любимые сердцу женщины» балалар суреті байқауына қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды: Жақсылық Іңкәр Ғайнулла Ақбике Тұрсынбекова Ғазиза Атымтай Даниал Ахметжан Айгерім Мухаметова Ляйсан Қайырбек Айсана Жетекшісі: Райхан Алимгазина Құттықтаймыз! «Любимые сердцу женщины» республикалық балалар суреті байқауы асыл аналарға арналды. Байқаудың басты мақсаты - шығармашылық пен шабыт арқылы асыл жандарға құрмет көрсету.