Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Бүгін мектебіміздің «Айналайын» балалар хоры мектеп директоры, жетекшісі Гульмира Жангельдымен QAZAQSTAN ұлттық арнасының Таңшолпан бағдарламасында сұқбат беріп, қонақ болды. Өнерлі балалар бағдарламада өнерлерін көрсетіп, баршаға сәтті күн мен көтеріңкі көңіл күй тіледі.

    Мектебіміздің белсенді оқушылары мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығындағы ата- әжелерімен қала күніне орай өтетін іс-шараға қызу дайындықта.

    Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Astana stars» халықаралық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. І орын - Амангелді Ернар; Дипломант - Берик Нурсултан. Жетекші: Балдикова Жанар. Шын жүректен құттықтаймыз!!!

    Елордалық Астана ақшамы газетіне «Өнер ордасындағы жазғы мектеп» тақырыбында Айзажа Жайыққызының біздің мектеп жайында жазған мақаласы шықты.

    11 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық көпжанрлы балалар, жасөпірімдер мен жастар өнер фестивалі байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Махамбет Шыңғыс жүлделі 2 орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жетекші: Б.Ишанкулов.

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, жемқорлықтың алдын-алу шараларын тиімді жүргізу арқылы ғана біз оны жақын аралықта барынша азайтуға, кейіннен түпкілікті жоюға қол жеткізе аламыз. Сыбайлас жемқорлықты бәріміз бірлескенде ғана жоя аламыз!

    Бүгін «SOS» балалар қалашығында мектебіміздің оқушылары «Жүректен жүрекке»  қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мұғалімдер қолөнер және суреттен шеберлік сыныптарын өткізіп, өнерлі оқушыларымыз әннен шашу шашып, би билеп, балалармен түрлі ойындар ойнатылды.

    1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  Астаналық саябақта қалалық «БАЛАПАН ӘЛЕМІ» атты іс-шара өтті. №2 өнер мектебінің «Көркемсурет» бөлімінің оқушылары мен ұстаздары іс- шараға белсене қатысып, кесте тігіп, асфальтка сурет салып,«Қуыршақтар әлемі» көрмесін ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға белсене қатысқан балалар дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Іс-шараға БАҚ өкілдері де қатысып, Балапан телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

    1 маусым - Халықаралық  балаларды қорғау күні қарсаңында Нұр - Сұлтан қалалық «Кел, боямақ бояйық!»  іс-шарасына мектебіміздің домбыра сыныбы оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. Касымханова Дильназ; Махамбет Шыңғыс;  Адилханов Нурали. Жетекші: Ишанкулов Берик Кошанбаевич Мектептің вокал сыныбының оқушылары Жанат Амина, Амангелді Ернар және жетекші Ажар Жарденбекқызы қатысып, өз өнерлерін көрсетіп,  алғыс хаттармен марапатталды.

    16-17 мамыры Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық «Менің таңғажайып әлемім» байқауына  мектебіміздің «Киімді көркемдеп үлгілеу» сыныбының оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. І орын- Балыкова Арунай; ІІІ орын-Көшкенбай Аида. Жетекші: Алимсаева Роза. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!