Top
a

Есеп беру концерті «Мәдени жаңалықтардан» көрсетілді

Abai tv телеарнасынан №2 Өнер мектебінің «Жаңа қадам –жаңа ұрпақ» атты 2022-2023 оқу жылының есеп беру концерті «Мәдени жаңалықтардан» көрсетілді.

Айта кетерлігі, ақпарат кеңістігіне «Ақыл- ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv» телеарнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратады. Эфирдің 90 %-ы телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірілетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар.
Хабарлардың жанрлар бойынша үлесі: Театр және кино-13%, музыка -11%, әдебиет — 8%, тарих -24%, мәдени-танымдық 44%.