Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • https://youtu.be/lXETVdj5cbc Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

    «1 маусым – Балалар күні» мерекесіне орай өткен  «Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі» атты концертте Астана қаласы Әкімдігінің №2 Өнер мектебінің жас өнерпаздары мен радио қызметкерлері өнер көрсетіп, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері балаларға қуаныш сыйлады.  https://youtu.be/HTZcjfTDS88

    «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы және Есіл ауданының әкімдігінің қолдауымен 2023 жылдың 1 маусым күні сағат 12:00-де «Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі» атты концерттік шара өтеді.  «1 маусым – Балалар күні» мерекесіне орай өтетін концертте Астана қаласы Әкімдігінің №2 Өнер мектебінің жас өнерпаздары мен радио қызметкерлері өнер көрсетіп, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері балаларға қуаныш сыйлайды.  Келіңіздер, көріңіздер!

    Бүгін 1 жыл бойы қала, республика, халықаралық байқаулар мен іс-шараларда өз өнерін көрсетіп, жеңімпаз атанып, мектебіміздің мерейін асқақтатып жүрген, сонымен бірге қазіргі заманғы білім көшінен қалмай негізгі мектеппен қоса өнер мектебінде үздік оқыған оқушыларға және барлық бөлімнің оқушыларына арналған марапаттау рәсімі өтті.

    https://youtu.be/D6VpsNocdFw Арт-Тұмар орталығында "Жүректен жүрекке " атты іс-шара 65мл инклюзия оқушыларымен өтті. Мақсаты: адамдарды құрметтеу, басқалармен бейбіт қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту. Міндеттері:  - «Мейірімділік», «шынайылық», «қайырымдылық» ұғымдарын кеңейту, сүйіспеншіліктің өмірде ашылуына, көрінуіне ықпал ету. - Кешірімділік, жанашырлық, адамдарға риясыз қызмет ету дағдыларын дамыту. - Бір-біріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

    Оқушыларымыз Республикалық «Любимые сердцу женщины» балалар суреті байқауына қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды: Жақсылық Іңкәр Ғайнулла Ақбике Тұрсынбекова Ғазиза Атымтай Даниал Ахметжан Айгерім Мухаметова Ляйсан Қайырбек Айсана Жетекшісі: Райхан Алимгазина Құттықтаймыз! «Любимые сердцу женщины» республикалық балалар суреті байқауы асыл аналарға арналды. Байқаудың басты мақсаты - шығармашылық пен шабыт арқылы асыл жандарға құрмет көрсету.

       «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»  РМҚК  ұйымдастыруымен  өтетін қосымша білім беру педагогтерінің білімін жетілдіру курстарында спикер болу, дәріс оқу сияқты іс-шаралар мектебімізде дәстүрге айналған. Жақында өткен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Балаларға хор ұжымымен жұмыстың инновациялық әдістері мен формалары»біліктілікті арттыру курсында мектеп директоры Жангелді Гүлмира дәріс оқыды.    Ол өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, хор мәдениетін меңгертуде оқушылармен қарым-қатынас жасаудың жолдары, оларды оқытуда  кездесетін қиыншылықтар туралы өз ойын ортаға салды және шеберлік сыныбын өткізді.  

    “Қазақтың 100 әні” ІII Республикалық байқауында “Қазағым жаса, мәңгілік!” атты эстрадалық вокал номинациясында үздік өнер көрсеткені үшін «Айналайын» хоры I орын иеленді.  Құттықтаймыз! Жетекшісі: Гүлмира Жангелді

    Оқушыларымыз Халықаралық «Бала шабыт» байқауына қатысып, төмендегі орындарға ие болды: Рерих Әлім  Гран при Мүтәлі Маржан 1 орын Қасымханова Дильназ 1 орын Еркобай Рахымжан 2 орын Жетекшісі: Берік Ишанкулов Құттықтаймыз!