Top
a

№2 өнер мектебіне саяхат

Астана қаласындағы жекеменшік  «Флагман» физика-техникалық лицейінің оқушылары №2 өнер мектебіне саяхат жасады. 

Оқушылар арасында қызығушылық танытқан басты себептер: ұлттық  аспаптарға деген сұраныс,өнер мектебінің тұрмыс-тіршілігімен танысу, өздері қатарлас оқушылардың бос уақытын қалай өткізетіндігін зерделеу. 

Кездесу барысында оқушылар №2 өнер мектебінің директоры Гүлмира Жангелдіге және пән мұғалімдеріне сұрақтарын қойды, өнер мектебінің барлық бөлімдерімен танысып шықты.