Top
a

«Контрафакт» акциясы аясында өтетін байқауға қатысуға шақырамыз

Жеңімпаздарды бағалы сыйлық күтеді!

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ағымдағы жылғы 2 мамырдан бастап 25 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізеді. 

Оқушыларымызды акция шеңберінде өтетін байқауларға белсенді түрле қатысуға шақырамыз! 

Байқау 3 бағытта өтеді: 

1) 2023 жылғы 2 мамырдан бастап 10 мамыр кезеңінде балалар арасында өткізілетін «Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбында үздік сурет республикалық байқауы (10-14 жас кезеңінде балалар арасында);

2) 2023 жылғы 2 мамырдан бастап 10 мамыр кезеңінде «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ!» тақырыбында үздік қысқа бейнероликтердің республикалық байқауы (14 жастан бастап жастағы адамдар арасында және одан жоғары);

3) 2023 жылғы 2 мамырдан бастап 10 мамыр «Контрафакт» республикалық акциясын үздік ұран республикалық байқауы (14 жастан бастап жастағы адамдар арасында және одан жоғары).

Жеңімпаздарды бағалы сыйлық күтеді

Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін Астана қаласы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім басшысы Асель Маратқызы Сибагатоваға 81072445337 ұялы немесе 8717232-17-87 жұмыс телефонына хабарласуға болады.