Top
a

Жаңалықтар

  • Рубрик нет
  • Мектебімізде «Балалықтан даналыққа» тақырыбында кітап талдау семинар-практикумы өтті.  Семинарға  тіл маманы, кітап насихаттаушы блогер, “Отбасы хрестоматиясы” қоғамдық қорының Астанадағы өкілі -  Айнұр Бұлақбай қатысып өз іс-тәжірисімен бөлісті. Семинардың мақсаты: Бала тәрбиесіне қатысты ұлттық әдебиет пен дәстүрлік тағылымдар, рухани жан азығын алу, жеке тұлға ретінде танылу сияқты  сұрақтарға жауап беру. Ұрпақ тәрбиесінің бастауы – ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру, салт-дәстүрімізді сақтай алу, бала бойында қалыптастыру. Педагогтер семинар тақырыбына  қатысты өз ойларымен бөлісіп,  балаларға арналған кітаптармен танысты.

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

    Астана қаласындағы Шабыт университетінде өткен «ЖанDostar» республикалық байқауына №2 өнер мектебінің вокал сыныбының оқушысы Жанат Әмина қатысып, 1 орынға ие болды. Жетекшісі: Галия Кабулова. Құттықтаймыз!

    Жылда дәстүрлі түрде наурыз айында Астана қаласындағы «Шабыт»  университетінде өтетін  республикалық «Жан DoStar»  байқауына   №2 өнер мектебінің театр бөлімі оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды:  Театр жанры бойынша                                                             Серік Ару - Гран при ( қаржылай сыйлық)         Байжан Жансая - 1 орын және арнайы Қазақстан халық ассамблеясы сыйлығының иегері. Бегайдарова Еркежан -1 орын  Еділ Айсауле - 1 орын                                                                                       Жетекші: Аяулым Куанышева Құттықтаймыз!  Құрметті Аяулым Қуанышева, дарынды оқушыларыңыз

    Мектебіміздің директоры, Гүлмира Жангелдіқызы 2023 жылдың 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Корей Республикасының Сеул қаласында SEED 2023 жобасы ұйымдастырған STEM-білім беру және шығармашылық ойлауды дамыту курсынан өтіп, білімін шыңдап келді.

    «Бала шабыты» халықаралық байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Аян Музатов қатысып, «Аспаптық өнер» номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды.  Жетекшісі Нұрхан Айжарыков дарынды балаларды тәрбиелегені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

    Ақберен республикалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған Республикалық «Абай оқулары» конкурсына Театр бөлімінің оқушысы Жексенғалиева Еркеназ қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Ұлпан Асанаова дарынды оқушыны тәрбиелеп, байқауға дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

    Мектебіміздің Театр сыныбы оқушылары 8 наурыз мерекесіне арнап “Ана-өмірдің шуағы” атты мерекелік кеші өткізді. Кешке ата-аналар қонақ болып, оқушылардың өнерін тамашалап, алғыс-тілектерін айтты. Ұйымдастырушы мұғалім: Ұлпан Асанова