Top
a

Апрель 2020

1-сынып.    IV-тоқсын,  Ритмика пәні Сабақ № 2 Тақырыбы: Диагональ бойынша сахналық  жүрістері, би жүгірістері https://youtu.be/HrYLdSAOwvY Дайындық қалпы: залдың бір бұрышынан диагональ бойымен жүреміз,  аяқтар тік қалыпта, қолды  белге қоямыз Аяқты кезегімен тік қалып, аяқтың ұшын қатты тартып, тізені тартып арқаны ұстап, аяқты кезек басып жүріп өту Ал, жүгірістерге ( подскоки) келетін болсақ, аяқтар кезегімен  диагональ бойымен секіріп өту, аяқ алмасқан сәтте аяқтың ұшын қатты тарту керек. Үй тапсырмасы: үйде жүрістермен жүгірістерді қайталау

1-сынып.    IV-тоқсын,  Ритмика пәні Сабақ № 1 Тақырыбы:  «Поджатые» секіртпесі https://youtu.be/xgS5iBI2B4I Дайындық қылпы: қолдарды  белге қоямыз, аяқтар 6-қалып  Бұл секіртпе қос аяқтан орындалады.  1-ге 2-ге- аяқтарда demi plie 3-ке 4-ке- аяқтар қатты жоғарыға секіріп, тізе тұсынан артқа иіледі, аяқтың ұшын қатты тарту керек. Секіртпені тездетіп көбірек жасау керек. Үй тапсырмасы: үйде секіртпені 16 рет қайталау

6-Сынып.    IV  тоқсан.   Қазақстан хореографиясы пәні № 4 сабақ Тақырыбы:  Селезнев Александр Владимирович өмірбаяны және шығармашылығы Селезнев Александр Владимирович (1906-1961 жж.) Александр Селезнев Кеңестік балет бишісі және мұғалімі. Селезнев - Қазақстандағы алғашқы кәсіби балет мектебінің негізін қалаушы. Александр Владимирович Селезнев - Петербургтің тумасы. Жиырма төрт жыл бойы балет мектебінің тұрақты көркемдік жетекшісі бола отырып, ол кейіннен балет сахнасының шеберлеріне, ұлттық хореографияның жетекші тұлғаларына айналған жарқын шығармашылық тұлғалардың бірқатарын тәрбиеледі. Оның Қазақстанның балет өнеріне қосқан қомақты үлесі сөзсіз. Оның шәкірттері - Қазақстанның хореографиялық өнерінің мақтаныштары, Қазақ ССР-нің халық және еңбек сіңірген әртістері: Д. Абиров, З. Райбаев, Б. Аюханов, С. Көшербаева, И. Манская, Р. Тажиева, А. Асылмұратов, С. Тулусанова,

6-Сынып.    IV  тоқсан.   Қазақстан хореографиясы пәні № 3 сабақ Тақырыбы:  "Қалқаман-Мамыр" балеті, видео сабақ https://youtu.be/WfKCFiEX6ZM 1938 жылы М. Әуезовтың "Қалқаман-Мамыр" либреттосы бойынша алғашқы қазақ балеті қойылды. Тұңғыш ұлттық туынды "Қалқаман - Мамыр" балетінің 1938 жылдың маусым айының 24-жұлдызында  тұсаукесері болды. Қойылымының тұсау кесер сәті қазақ балеті үшін тарихи күн болды либреттосын жазған: М.Әуезов, композитор: В.Великанов, балетмейстері: Л.Жуков, суретшісі: О.Таңсықбаев үй тапсырмасы : өткен тақырып жайлы дәптерге өз түсінігін жазу

6-Сынып.    IV  тоқсан.   Қазақстан хореографиясы пәні № 2 сабақ Тақырыбы: Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрындағы балет қойылымдары 1934 жылы  13 қаңтарда М. Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» (режиссері Ж. Шанин мен Қ. Жандарбеков, музыкасы И.В. Коцык) пьесасының желісімен алғашқы спектакль қойылды. 1936 жылы театрдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігінде Үлкен театр сахнасында Е.Г.Брусиловскийдің халық музыкасының негізінде жазылған тұңғыш ұлттық операсы "Қыз Жібек" операсы қойылды. 1938 жылы М. Әуезовтың "Қалқаман-Мамыр" либреттосы бойынша алғашқы қазақ балеті қойылды. 1943 жылы театрда Г. Уланова мен В. Пирадов "Жизель" балетін қойды. 1944 жылы "Абай" операсының премьерасы болды (либреттосын жазған М. Әуезов, музыкасы - А. Жұбанов, Л. Хамиди). 1958 жылы театрдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің екінші онкүндігінде Үлкен театрда "Біржан-Сара" операсы қойылды. 1950-1990 - жылдарда репертуарлар кеңейді. Әлемдік

6-Сынып.    IV  тоқсан.   Қазақстан хореографиясы пәні № 1сабақ Тақырыбы: Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры  және театр негізін қалаушылар Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры 1934 жылы 13 қантарда Мұхтар Әуезовтың либреттосы "Айман-Шолпан" музыкалық қойылымымен ашылды. Иван Коцыко өңдеген халық өлеңдері мен күйлері орындалды. Қойылым көпшіліктің көңілінен шығып, әсері зор болды. Жаңа театрдың ашылуы бүкіл елге таралды Бірінші қойылымның нәтижесімен рухтанған, шабыттанған әнші-әртістер, кәсіптік білімдері жоқ режиссерлер шығармашылық құмарлықпен театрдың опералық репертуарын құруға кірісті. Е.Г.Брусиловский Қазақстанның ұлттық опералық өнерінің бастауын салған театрдың бірінші сазгері болып табылады. Қазақстанның музыкалық мәдениетінің кемеңгерлері болып табылатын тұлғалар: әртіс Күләш Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин,

5-Сынып.  IV-тоқсан.  Қазақстан хореографиясы пәні Сабақ № 5 Тақырыбы: Қазақстандағы XX ғасырдағы II жартысындағы  Қазақ балет өнерінің жалғасы Қазақстандағы XX ғасырдың 60-жылдары "Шопениана", "Болеро", "Франческа да Римини" бір актілі балеттерін қойған Райбаев балетмейстер ретінде жемісті еңбек етті. 1974 жылы Хачатурянның "Спартак" балетінің қойылуы Қазақ балеті өнерінің дамуында үлкен белес берді. 70 - 80-жылдары балет сахнасы балетмейстер мен композиторлардың жаңа көркемдік ізденістерінің алаңына айналды. Т.Мыңбаевтың Райбаев қойған "Фрески" балеті (1981) Қазақстан музыкалық-хореографиялық өнерінің жетістігі болды. Қазақ би өнерінің бай дәстүрлерін қайта жаңғырту, халықтың фольклорлық мұрарасын жаңа көзқараспен игеру үлгісі композитор М.Тілеубаев қойған А.Серкебаевтың "Ақсақ құлан" балетінде (1975) көрінді. 1978ж.  Ж.Байдаралин қойған М.Сағатовтың "Әлия"балетінде                             Ә.Молдағұловаңың ерлігін бейнелеумен қатар, қазақ қызының

5-Сынып.  IV-тоқсан.  Қазақстан хореографиясы пәні Сабақ № 3 Тақырыбы: Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев өмірбаяны және шығармашылығы Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев 1923 жылы ақпан айының 13 жұлдызында Алматыда дүниеге келген балетмейстер, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР халық әртісі (1982 жыл), Қазақстанның  еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ балет əртісі жəне педагог, профессор. Алматы қазақ хореографиялық училищесіндегі Александр Селезневтің класында оқыды,  Ленинград хореографиялық училищесін бітірген (1954), режиссер-балетмейстер. Мұнда А.Писарев, А.Бочарова, А.Пушкина, И.Бельский сияқты ұстаздардың жетекшілігімен жөнге қойылған мектептің сабақтарын тыңдады.     1958 – 62 жылдары А.В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында профессор. Л.Лавровскийдің класында оқып бітірген (Мәскеу, 1962), балет әртісі. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры (2001 жылдан). 1954 –

5-Сынып.  IV-тоқсан.  Қазақстан хореографиясы пәні САБАҚ №2 Тақырыбы: Әбіров Дәурен Тастанбайұлының өмірбаяны және шығармашылығы Әбіров Дәурен Тастанбайұлы биші, балетмейстер 06.10.1923 жылы Жамбыл обылысы, Қордай ауданы Қаракемер ауылында туылған. Алматы хореография училищесін, Мәскеудің Луначарский атындағы ГИТИ-інің балетмейстері бөлімін  бітірген (1952ж). Ұлы отан соғысына қатысқан.  Дәурен Тастанбайұлы Қазақ ұлттық өнер академиясында 1978-2001жылдар аралығында қызмет еткен ұлағатты ұстаз. ГИТИС- Ресей театр өнері академиясын 1949 жылы бітірген, ол еліміздің тұңғыш балетмейстері болды. Көп жылдар бойы 1952-1977ж Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының бас балетмейстері болып қызмет атқарады. Көптеген балеттердің қоюшысы болды. 1984—1989ж. Жүргенов атындағы Мемлекеттік театр және кино институтының кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 1989 — 1997 ж. хореография бөлімінің жетекшісі болды.  1997 жылдан

5-Сынып.  IV-тоқсан.  Қазақстан хореографиясы пәні Сабақ № 1 Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы  Қазақстандағы би өнері Қазақстандағы би өнері  ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән - күйлерімен, дәстүрлі тұрмысы - салтымен біте қайнасып келеді. Би өнерінің де ата - бабадан қалған мәдени мұраның аса маңызды бөлігі ретінде қазақ қоғамымен бірге жасасып, оның рухани өміріне азық болғанын аңғарамыз. Ел арасында сақталған билердің өзінен – ақ халықтың өткендегі өмір салты, істеген кәсібі, оның айналадағы ортаға көзқарасы көрініп тұрғандай. Би - музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Би