Top
a

6-Сынып.IV тоқсан.Қазақстан хореографиясы пәні №4 сабақ

6-Сынып.    IV  тоқсан.   Қазақстан хореографиясы пәні

№ 4 сабақ

Тақырыбы:  Селезнев Александр Владимирович өмірбаяны және шығармашылығы

Селезнев Александр Владимирович (1906-1961 жж.)

Александр Селезнев Кеңестік балет бишісі және мұғалімі. Селезнев — Қазақстандағы алғашқы кәсіби балет мектебінің негізін қалаушы.

Александр Владимирович Селезнев — Петербургтің тумасы. Жиырма төрт жыл бойы балет мектебінің тұрақты көркемдік жетекшісі бола отырып, ол кейіннен балет сахнасының шеберлеріне, ұлттық хореографияның жетекші тұлғаларына айналған жарқын шығармашылық тұлғалардың бірқатарын тәрбиеледі. Оның Қазақстанның балет өнеріне қосқан қомақты үлесі сөзсіз.

Оның шәкірттері — Қазақстанның хореографиялық өнерінің мақтаныштары, Қазақ ССР-нің халық және еңбек сіңірген әртістері: Д. Абиров, З. Райбаев, Б. Аюханов, С. Көшербаева, И. Манская, Р. Тажиева, А. Асылмұратов, С. Тулусанова, З. Ақбарова, Л. Тағанов, Э. Мальбеков, Г. Ақжанов, Г. Урманова, Ф. Ұлтанбаева, сондай-ақ Л. Сарынова – өнертану ғылымдарының кандидаты, қазақ балет өнерінің алғашқы зерттеушісі, Абай атындағы театрдың орындаушылары Л. Симагина, Т. Васильева, А. Солнцева, Н. Краснова, Н. Заичкина, Л. Воскресенская, Г. Горская, Н. Гудочкина, В. Хен, Х. Базарбаев, М. Мунтин, Т. Мальбекова және басқалары. А.В. Селезневтің арқасында қаншама шәкірттері балетмейстер және хореографиялық мектептің жетекші оқытушылары атанды. Олар Р. Елшібекова, А. Түлекова, А. Ғабитова, И. Олзоева, Ж. Тастанова, К. Жақыпова, С. Наурызбаева, Р. Күрпешева және басқалары.

Театрда сомдаған рөлдері:

Зигфрид (П. Чайковскийдің «Лебединое озеро», Л. Жуков қойылымы)

Гирей (Б. Асафьев «Бахчисарайский фонтан», Ю. Ковалев қойылымы)

Клод Фролло (Ц. Пуни «Эсмеральда», Д. Абиров қойылымы)

Петр I (Р.Глиэр «Медный всадник», Ю. Ковалев қойылымы)

Марцелина және Колен (П.Гертель «Тщетная предосторожность», А. Селезнев қойылымы)

Мергенбай («Қамбар және Назым», В. Великанов, Д.  Абиров қойылымы)

Үй тапсырмасы: тақырып  конспект жазу