Top
a

Апрель 2020

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 6 -Сабақ Battement double fondu  жарты башпаймен 90*  жаттығуын  жасау. (м/ө 4/4) https://youtu.be/GnbYYGTrejA Дайындық қалпы : аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау 1-ге 2-ге- preparatoin, қолдар 2- қалыпқа ашылады 1-ге 2-ге- оң аяқта battement double fondu 90* алдыға жасағанда, сол аяқ plie жасайды 3-ке 4-ке- екі аяқ Y қалыпта жарты башпайда жабылады 1-ге 2-ге- оң аяқта battement double fondu 90*  жанға  жасағанда, сол аяқ plie жасайды 3-ке 4-ке- екі аяқ Y қалыпта жарты  башпайда жабылады 1-ге 2-ге- оң аяқта battement double fondu 90*  артқа  жасағанда, сол аяқ plie жасайды 3-ке 4-ке- екі аяқ Y қалыпта жарты

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 5-Сабақ Battement soutenu жаттығуын  жасау. (м/ө 2/4) https://youtu.be/lrRyQdu57wM Дайындық қалпы : аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау 1-ге 2-ге- preparatoin, қолдар 2 -қалыпқа ашылады 1-ге 2-ге- оң аяқта battement tendu алдыға жасағанда, сол аяқ plie жасайды 3-ке 4-ке- оң аяқта battement tendu арқылы Vқалыпқа жабылады, сол аяқ plieден тұрады 1-ге 2-ге- оң аяқта battement tendu жанға жасағанда, сол аяқ plie жасайды 3-ке 4-ке- оң аяқта battement tendu арқылы V қалыпқа жабылады, сол аяқ plieден тұрады 1-ге 2-ге- оң аяқта battement tendu артқа  жасағанда, сол аяқ plie жасайды 3-ке 4-ке- оң аяқта battement tendu арқылы V

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 4-Сабақ Battement developpe plie releve жаттығуын  жасау. (м/ө 4/4) https://youtu.be/HlTZR-9Bvjk Дайындық қалпы : аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау 1-ге 2-ге- preparatoin, қолдар 2- қалыпқа ашылады 1-ге 2-ге- оң аяқта cou de pied арқылы developpeалдыға 45* ашылады 3-ке 4-ке- сол аяқта plieге отырып тұрады 1-ге 2-ге- оң аяқта battement tendu арқылы V қалыпқа жабылады. Жаттығу жанға, артқа бір аяқтан орындалады, станок қасында оң жақтан және сол жақтан орындалады. Қимылды орындау барысында тізелердің қатты тартылуына мән беру керек, қалыптарды сақтау керек. Үй тапсырмасы : топтық жұмыс жасау үшін ұандай  комбинация құрастыру керектігін ойластыру.

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 3-Сабақ 1/8 шеңберге бұрылудағы rond de jambe par terre en tournant жаттығуын жасау. (м/ө 2/3) https://youtu.be/Jnvj2pkhyFg Дайындық қалпы : аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау 1-ге 2-ге- preparation, қолдар 2- қалыпқа ашылады 1-ге 2-ге- оң аяқта rond de jambe par terre en tournant жасау, 1-қалып арқылы  3-ке 4-ке- оң аяқта rond de jambe par terre en tournant,  1-қалып арқылы  жасау 2 нүктеге,  яғни 1/8ге бұрылу  және жабамыз I  қалыпқа Қимылды әр нүктеге аяқты ауыстыра отырып орындаңыздар. Үй тапсырмасы: жаттығудың музыкалық өлшемін білу, музыкалық талдау жасау.

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 2-Сабақ 1/8 шеңберге бұрылудағы battement tendu jete жаттығуын жасау. (м/ө 2/4) https://youtu.be/753t8jeh9PE Дайындық қалпы: аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау 1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар 2- қалыпқа ашылады 1-ге 2-ге- оң аяқ Battement tendu jete  алдыға ашамыз және жабамыз  V қалыпқа 3-ке 4-ке- Battement tendu jete жанға ашамыз 2 нүктеге, яғни 1/8 шеңберге айналу  және жабамыз V-қалыпқа Қимылды әр нүктеге аяқты ауыстыра орындап шығыңыздар. Үй тапсырмасы: Жаттығуды қайталау, өз- өзіне талдау жасау.

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 1-Сабақ  1/8 шеңберге бұрылудағы Battement tendu жаттығуын  жасау.  (Музыкалық  өлшем 2/4) https://youtu.be/14t4EEvvQM4 Дайындық қалпы: аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау 1-ге  2-ге- preparathoin, қолдар 2- қалыпқа ашылады 1-ге 2-ге- Battement tendu алдыға ашамыз және жабамыз V қалыпқа 3-ке 4-ке- Battement tendu жанға ашамыз, 2 нүктеге, яғни 1/8 шеңберге айналу    және жабамыз V-қалыпқа Қимылды әр нүктеге аяқты ауыстыра орындап шығыңыздар Үй тапсырмасы: жаттығуға комбинация құрастыру

6-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 4 сабақ Тақырыбы:  Романтизм ағымдағы Мария Тальони мен Жюль Жозеф Перроның қысқаша өмір баяны Мария Тальони (1804—1884) Италия балет артисі, романтизм дәуірі балет театрының көрнекті бишілерінің бірі. Өз әкесі, белгілі балетмейстер Ф.Тальониден оқыды. Өнер жолын 1822 жылы Венада бастады. 1827—-1835 жылдары Парижде қызмет етті. Шнейцгоффердің "Сильфида" балетінде Сильфида партиясын орындау арқылы дүниежүзілік даңққа ие болды. Тальони шығармашылығы балет өнерінің дамуына зор ықпал жасады. Мария Тальони тамаша тұрақтылығымен ерекшеленді, ұзак уақыт бойы аяғының ұшында тұратын және секіргенде сахна үстінде қалықтап, ауада ұшып жүргендей әсер қалдыратын. Ол, әсіресе пуанты билерін тартымды әрі таза билеу арқылы көзге түсті. 1847 жылы сахнадан мүлдем қол үзді.

6-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 3 сабақ Тақырыбы: Романтизм ағымы XIX ғасырдың 30-жылдары өнерде жаңа көркемдік бағыт романтизм өркен жайды. Хореографияда бұл ағымның ықпалы спектакльдерде жаңа тақырып, жаңа сахналық тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленді. Барлық романтикалық балеттер бір тәсілмен құрылатын. Онда екі өмір — шынайы өмір мен фантастикалық арман өмір бір-біріне карама-қарсы келді. Бұл спектакльдің көркемдігіне, оның бүкіл атмосферасына әсерін тигізді. 1832 жылы Парижде"Гранд операда" Филиппо Тальонидің "Силъфида" балеті бірінші рет көрсетілді. Бұл балетті Филиппо Тальони өзінің қызы үшін, атақты биші Мария Тальони үшін шығарған. Сильфида — жер бетіне жиі келетін ауа перісін балетмейстер биде жеңіл де жоғары секірулер, сахна бетінде ауадай нәзік қимыл-қозғалыстар арқылы жеткізген. Сильфида рөлін орындаушы үлпілдеген көйлек-пачкамен кейіпкерінің салмақсыздығын сездіру үшін сахнада

6-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 2 сабақ Тақырыбы: XV-XII ғасырдағы балет өнерінің дамуы XVI ғасырда би техникасының дамуы әлдеқайда ілгері басады. Сол кездегі атақты хореограф болып Италияда Фабрицио Карозо мен Чезаре Негри, ал Францияда Бальтазарини мен Туано Арбо саналды. 1581 жылы Венецияда Фабрицио Карозоның "Биші" атты кітабы жарық көрді. Онда ол Венецияның халық билерін, олардың орындалу техникасын, бидің негізгі қимылдарын суреттеген. Ал Францияда Туано Арбо диалог түрінде жазылған "Орхесография" атты кітабын шығарды. Сол уақыттағы балет спектакльдері үлкен сарайларда, сән-салтанат ордасында қойылып, аңыздар негізінде құрылды. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған, көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. XVII

6-сынып.   IV   тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 1 сабақ Тақырыбы: Ортағасырлық еуропадағы би өнерінің қалыптасуы Ортағасырлық Еуропада, христиан дінін қабылдаған елдерде храмдарда (ғибадатханаларда) діни драма мистериялар пайда болды. Сонымен қатар ән-биі аралас комедиялық ойын-сауықтар құдіретті фарстар кең етек жайды. Діни мазмұнды билер үлкен тойларда да орындалды. Олар, көбінесе ас табақтары ауысқанда қонақтарға ермек үшін көрсетілетін. Сондықтан оларды тамақаралық билер деп атады. Ақырындап билер өзінің діни маңызынан алшақтай бастады. Адамдар мейрам күндері биледі, көп ұзамай тұрмыстық билер пайда болды. Францияда тұрмыстық билерді — бранли деп атайды. Оны ән немесе волынканың сүймелдеуімен орындады. Бранлиді кезбе актерлер халық арасына тарата бастады. Қалаларда ашық аспан аясында жәрмеңкелер, мейрамдар