Top
a

Апрель 2020

5-сынып. IV тоқсан. Шетел хореографиясы пәні № 3 сабақ Тақырыбы: 20 ғасырдың басындағы Орыс балет өнері XX ғасырдың басы орыс өнеріндегі жаңа бағыттардың бастамасы болды. Балетмейстерлер М.Петипа мен Л.И.Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның "Ұйқыдағы ару", "Аққу көлі" және "Щелкунчик" (1890—1895) балеттерін қойды. 1895 жылдың 15 қаңтарында "Акку көлі" Л.Иванов пен М.Петинамен қойылды. Осы уақыттан бастап тек орыс емес, бүкіл әлем классикалық балеттің дамуындағы жаңа кезең басталады. Симфониялық музыка биге тек сүйемелдеу рөлінен көтеріліп, балеттің негізгі идеясын айқындап, оның мазмұнын түсіндірді, пантомиманы ысырып, спектакльдегі басты рөльді

5-сынып.   IV тоқсан.  Шетел хореографиясы пәні. № 2 сабақ Тақырыбы: 19 ғасырдағы орыс балеті XIX ғасыр Е.И.Колосова, М.И.Данилова, А.И.Истомина, А.П.Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен көріне бастады. Солардың ішінде бірінші орыс балеринасы, XIX ғасырдың басындағы танымал биші А.И.Истомина болып саналады. Авдотья Ильинична Истомина (1799—1848) Петербург балет мектебінде Дидлодан дәріс алды. Оқушы кезінен ол императорлық театр сахнасында өнер көрсетті, ал мектепті бітірісімен труппада жетекші орынға ие болды. Истомина орыс классикалық балетінің жарқын өкілі болды. Дидло балеттерінде орталық партияларды орындады. Петербург сахнасында бірінші болып Пушкин бейнелерін — "Кавказ тұтқынындағы" Черкеш қызын және "Руслан мен Людмиладағы" Людмиланы сомдады. 1830 жылдар шамасында Истомина аяқ ауруына байланысты мимикалық актриса амплуасына ауысады, ал 1836 жылы мүлдем сахнадан

5-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 1 сабақ Тақырыбы:Ресей балет өнерінің қалыптасуы Орыстың балет өнері XVIII ғасырдың  екінші жартысында қалыптасқан. Халықтың би қазынасы бірте-бірте игеріліп, өнегелі балет мектептерінің ыңғайымен жүйеге түсті. 1738 жылы Ресейдегі бірінші балет мектебі ашылды. Сарай малайларының 12 ұлы мен 12 қызы үш жылдан кейін Ресейдің бірінші кәсіби бишілері болып шықты. Басында олар гастрольмен жүрген балет шеберлерінің спектакльдерінде фигуранттар (кордебалет артистері) қызметін атқарды, ал кейінірек басты партияларды да орындады. Олардың арасындағы ерекшеленгендері — Аксинья Баскакова, Авдотья Тимофеева, Елизавета Зорина, Лфанасий Топорков, Андрей Нестеровтар болды. Оларды би өнеріне баулыған және аталмыш мектептің ашылуына себепкер болған француз елінен арнайы шақырылған талантты биші Жан Батист Ланде болды. Керемет биші Тимофей Бубликов (1748—1815)

2-Сынып.    IV-тоқсан.   Ритмика пәні Сабақ № 4 Тақырыбы: Ритмикалық 14 тактілік «гүлдер» этюді м/ө 3/4  Дайындық қалып:  қолдарында гүл ұстайды,  аяқтар 3-қалып 1-Тактіге- зал ортасында  қолдарына гүл алып жүгіріп шығады. 2-3-актіге-  аяқтарың  жарты башпайына тұрып, 5- қалыпта оңға және солға айналады. 4-5-тактіге аяқтарында pas de bouree қимылын жасайды, 2 жаққа 4рет қайталаймыз. 6-7-тактіге –  қарама қарсы қарап аяқтарында pas balanse қимылын жасайды, 2 жаққа жасайды, 4 рет қайталаймыз. 8-9-тактіге-  2 қатарға тұрады. 10-11-тактіде –  бір орнында тік қалыпта plie жасап, жанға майысады,  2 рет қайталанады. 12-13-тактіде – 10-11-тактідегі қимылды қайталайды 14-тактіде этюдті 5-қалыпта аяқтайды. Үй тапсырмасы: үйде этюдті жаттау.

2-Сынып.    IV-тоқсан.   Ритмика пәні Сабақ № 3 Тақырыбы: Ритмикалық 14 тактілік этюд казачок  м/ө 2/4  Дайындық қалып: қыздар жұппен  қолдарын ұстап,  аяқтар тік 1-қалып 1-тактіге- подскок секіртпесі арқылы диагональ бойымен 8 рет секіріп шығады 2-тактіге- қыздар бір- бірне  қарама қарсы өзінен айналып, екі рет шапалақ ұрады 3-тактіге- қайтып бір біріне дұрыс бағытта, өзіне қарай айналып, бір біріне 2 рет шапалақ ұрады 4-5 тактіге-қимылды қайталаймыз 6-7-тактіге-аяқтарында голоп қимылын жасап, дөңгелене залды жүгіреді, қолдар белде 8-9-тактіде-  бір орнында поджаты секіріп, шапалақ ұрады 10-11-тактіде-  голоп қимылын жанға бірге жасайды, 4 реттен 12-13-тактіде- қайтып 6-7-тактідегі қимылды қайталайды 14-тактіде- этюдті подскок секіртпесімен аяқтайды Үй тапсырмасы: үйде этюдті жаттап келу

2-Сынып.    IV-тоқсан.   Ритмика пәні Сабақ № 2 Тақырыбы:Pas Balanse жаттығу https://youtu.be/2yvpFU8yldc Дайындық қалпы: аяқтар 5-қалып, қолдар дайындық қалпы   1- ге 2 -ге - preparathoin, оң аяқта demi plie ге отырады сол аяқ sour le cou de pied артта қолдар белге қойылады 1- ге 2-ге- сол аяқ sour le cou de pied тен Battement tendu jete арқылы  жанға ашады, оң аяқ plie ден тұрады 3-ке 4-ке- сол сәтте сол аяқ plie ге отырады, оң аяқта sour le cou de pied артқа 1-ге 2-ге -оң аяқ sour le cou de pied ден жарты башпайға тұрған кезде сол аяқ sour le cou

2-Сынып.    IV-тоқсан.   Ритмика пәні Сабақ № 1 Тақырыбы: Pas De Bourre жаттығуы https://youtu.be/qZmViSI9IFk Дайындық қалпы: аяқтар 5-қалып, қолдар дайындық қалпы,  дене  станокқа қарау 1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар станокты ұстайды, оң аяқ  plie орындайды, сол аяқ арттан sour lr cou de pied алады  1-ге 2-ге- сол аяқ  sour lr cou de pied тен жарты башпайдан тұрған кезде, оң аяқ sour lr cou de pied алдыға алады 3-ке 4-ке- оң аяқ жанға 2-қалыпқа жарты башпайға тұрады 1-ге 2-ге- аяқ аяқ жарты башпайдан тұрған кезде, сол аяқ sour lr cou de pied алдыға алады 3-ке 4-ке- аяқтар 5-қалыпқа plieге жабылады. Жаттығуды оң және сол

1-сынып.    IV-тоқсан,  Ритмика пәні Сабақ № 4 Тақырыбы: Би сабағындағы аяқ қалыптары(I,II,III,IV) https://youtu.be/DO0f3M4Ylds Классикалық биде аяқ қалыптары: дайындық қалпы, I,II,III болады. I қалып: аяқтар бір түзудің бойында, өкшелер қарама қарсы орналасып, толық табанмен жерді басып тұрады, тізелер қатты тартылады. Аяқ саусақтар түгел жерде жатуына мән беріңіз, өзіңнің дене салмағыңды  (центр тяжестей ) 2-3 саусақта болуына мән бер. II қалып: аяқтар бір түзудің бойында, өкшелердің ара қашықтығы бір табан болуы керек, өкшелер қарама қарсы орналасып, толық табанмен жерді басып тұрады, тізелер қатты тартылады. Аяқ саусақтар түгел жерде жатуына мән беріңіз, өзіңнің дене салмағыңды  (центр тяжестей ) 2-3 саусақта болуына мән бер. III қалып: сол аяқ бір түзудің

1-сынып.    IV-тоқсын,  Ритмика пәні Сабақ № 3 Тақырыбы: Би сабағындағы қол қалыптары https://youtu.be/2htp_a2yTwo Классикалық биде қол қалыптары: дайындық қалпы, I,II,III болады. Кейін билерде аралас қалыптар кездеседі яғни, бір қол II қалып ұстаса, екінші қол III қалыпқа,  болмаса бір қол I қалыпты ұсаған кезде екінші қол II қалып немесе III қалып ұстай алады,  бұл қалыптар аралас қалыптар болып саналады. Дайындық қалпы: қолдар санның тұсынан алдыға орналасады, шынтақтар дөңгелене орналасады, саусақтар бір -біріне қарама қарсы орналасады. I қалып: қолдар кіндік тұсында, екі қолдың саусақтары бір бірімен кездеседі, иық түсіңкі, арқаны ұстау керек, шынтақтар дөңгелене орналасады. II қалып: қолдар иық тұсынан екі жаққа ашылып