Top
a

5-Сынып. IV-тоқсан. Қазақстан хореографиясы пәні Сабақ № 1

5-Сынып.  IV-тоқсан.  Қазақстан хореографиясы пәні

Сабақ № 1

Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы  Қазақстандағы би өнері

Қазақстандағы би өнері  ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән — күйлерімен, дәстүрлі тұрмысы — салтымен біте қайнасып келеді. Би өнерінің де ата — бабадан қалған мәдени мұраның аса маңызды бөлігі ретінде қазақ қоғамымен бірге жасасып, оның рухани өміріне азық болғанын аңғарамыз. Ел арасында сақталған билердің өзінен – ақ халықтың өткендегі өмір салты, істеген кәсібі, оның айналадағы ортаға көзқарасы көрініп тұрғандай. Би — музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт — дәстүрі, тұрмыс — тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет — әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген. Музыка сауаты. Бет — әлпеттің құбылуы «мимика» деп аталады. Би белгілі бір әуендермен, күйлермен сүйемелденеді. Мысалы, «Қара жорға», «Бүркіт биі», «Қамажай», «Киіз басу», «Ортеке», «Аққу» билері. ХІХ ғасырда Рахымберді биші шөктірілген түйенің үстінде секіріп жүріп билеген. Ол билегенде халық әуенінің ырғағымен бірге теңселіп, әндетіп отырған. Ал, ХХ ғасырдың басында диуана атанған Зәірубай биші «Қоянды» жәрмеңкесінде қоян болып киініп, «Қоян» биін үстел үстіне қойылған кеселер арасымен ептілікпен секіріп, қол — аяғын тигізбей шебер орындаған.Қазақтың тағы бір биі «Ұтыс». Белгілі биші Рахым Асылбекұлы «Қара жорға», «Ортеке» билерін шебер орындаған.

Үй тапсырмасы:
а) Қазақ билері неге байланысты туындаған?
б) ХХ ғасырда қандай билер билене бастаған?

в) «Мимика» дегеніміз не? Осы сұрақтарға жауап іздеп дәптерге жазу